No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Базалық мөлшерлемені көтеруге қатысты сарапшы пікірі қандай?

06.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға көтерген болатын. Осы орайда сарапшы, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, базалық мөлшерлемені көтеру іскерлік белсенділікті төмендетеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

«Бірден айту керек, базалық пайыздық мөлшерлеме 0,75 пайызға ұлғайды. Алдында 16 пайыз болатын, қазір 16,75 пайыз яғни 17 пайызға жуықтады. Бұл өсім — белгілі бір дәрежеде жоғары өсім. Әрине ертең несиелердің барлығы тағы қымбаттайды деген сөз. Бірінші кезекте бұның тұтынушыларға қатты әсері бар деп ойламаймын. Өйткені тұтынушылық несиенің пайызы онсыз да жоғары болған», — дейді сарапшы.

Мақсат Халықтың пікірінше, бірінші кезекте ол бизнеске әсерін тигізеді. Өйткені бизнеске төмен пайызды несиені алу әлдеқайда тиімдірек. Төмен пайызды несие болса, олар кәсібін де дамыта алатын еді, іскерлік белсенділік те жанданатын еді.

«Осы жағынан іскерлік белсенділіктің кішкене болса да төмендеуіне ықпал етеді. Ал өз кезегінде экономикалық өсімнің баяулауына, тежелуіне ықпал ететін болады. Бұл — зиянды жақтары. Ал енді оң жағы, бұл депозиттік пайыздық мөлшерлеменің де өсіміне алып келеді. Нәтижесінде депозитте ақша ұстайтындардың пайызы қазір 17 пайыздан асып жатқанын байқап жатырмыз. Бұның барлығы базалық пайыздық мөлшерлеменің өсіміне тікелей байланысты болып отыр. Негізгі мәселелер осы болып табылады», — деді экономист .

Алдағы жылдары мұнай бағасы төмендейді деген болжам айтылып жатыр. Мақсат Халық мұнай бағасының төмендеуі экономикамыздың тежелуіне әкеп соқтыратынын атап өтті.

«Соңғы уақытта Қытайда болып жатқан карантиндік жағдайлар Қытай экономикасының бәсеңдеуіне әкелді. Ол сөз жоқ, өз ретінде мұнай бағасының төмендеуіне де ықпал етіп жатыр. Алдағы уақытта да мұнай бағасы төмендейді деген болжам көп. Бұл экономикамызға тікелей әсері етеді . Егер мұнай бағасы өсетін болса экспортымыз жақсарады, теңге тұрақты болады, экономикамызда өсім болады. Ал енді мұнай бағасы төмендеп жатса, бұл керісінше біздің экспорт әлеуетімізді төмендетеді. Теңгеміздің әлсіреуіне ықпал етеді. Әрине, экономикамыздың тежелуіне де ықпал ететін болады. Негізі мұнай туралы айтқан кезде осы процестерді есімізде ұстауымыз керек», — деп түсіндірді сарапшы.

Еске салсақ, елімізде базалық мөлшерлеме 16,75 пайызға көтерілді. Ұлттық банк мұны инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығын тұрақтандыруға бағытталған іс-шара деп түсіндірді. Дегенмен бас банктың төрағасы Ғалымжан Пірматов мөлшерлемені көтеру циклі аяқталуға жақын деп сендіріп отыр. Ставканы көтеруге геосаяси жағдай, азық-түліктің қымбаттауы, сұраныс пен ұсыныстың алшақтап кетуі себеп болған.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Жыл басынан бері ел экономикасы 3,3 пайызға өсті

16.08.2022

«Елде кәсіпкерлер мүлде қорғалмаған»: Шағын және орта бизнес өкілдері салық органдары тарапынан жүргізілген негізсіз тексерістерге шағымданды

30.11.2022

Қазақстандағы топ-5 туристік аймақ

27.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа