No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Бұл – өте қауіпті”: Президент Астанадағы ауыз су тапшылығына қатысты мәлімдеме жасады

11.07.2023
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Астананы сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басымдылығын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша бүгінде елорда толығымен Астана су қоймасына тәуелді әрі апаттық жағдай орын алса, бүкіл қала тұрғындары үшін үлкен мәселе орын алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.  

Президент жаздың басындағы ауыз су тапшылығы үшін елордалықтардың наразылық білдіруі орынды болғанын жеткізді. Бұл кезде адамдар жолдарды жауып, үйлеріне су беруді талап етіп шерулерге шыққан еді.

“Ашығын айтсақ, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға жауапты адамдар жұмысын адал атқармаған. Бұл – нағыз салғырттық, соның салдарынан осындай күрделі ахуал қалыптасты. Мұны, тіпті, жұмысқа селқос қарау емес, қасақана зиян келтіру деуге болады. Себебі, су, жылу, жарық – күнделікті тұрмыстағы аса маңызды қажеттіліктер. Бұл салада қателікке мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан, кінәлі адамдар тиісті жазасын алуы керек”, – деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Ол сонымен қатар қазір елорда Астана су қоймасына толық тәуелді болып отырғанын баса айтты. Сөзінше елордада су алатын басқа жер жоқ.

“Бұл – өте қауіпті. Кез келген сәтте оқыс оқиға болса, бүкіл қалаға қауіп төнуі мүмкін. Тұрғындар саны көбейіп, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Сондықтан, су қоймасының қуаты алдағы бір-екі жылда сарқылып бітетіні анық”, – деп қосты президент.

Сондай-ақ ол су қоймасының қатты ластануына байланысты Тоқаев су қоймасының түбін тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізуді және Астана су қоймасының бөгетін мұқият тексеріп, нығайтуды, оның құлыптарын жөндеуді және Сәтбаев каналынан тұрақты түрде толтыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

“Қойманың техникалық жағдайын шұғыл ретке келтіру қажет. Астанада бұдан басқа су көзі жоқ. Ашығын айтсақ, мұндай ахуал көптен бері жалғасып келеді, яғни бұл бір күнде пайда болған мәселе емес. Бұған дейін Экология министрлігіне қаланы сумен қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс жасау тапсырылды. Бірақ, әлі күнге дейін нақты нәтиже жоқ. Тіпті, осы мәселені шешуге қатысты тиімді ұсыныстар да жоқ. Тағы да қайталап айтамын: құзырлы министрлік нақты шаралар қабылдауға тиіс”, – деп түйіндеді ол.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

«Сигма-ГАЗ» компаниясының артында кім тұр – депуат Мақсат Толықбай

31.05.2023

Қант импортына арналған квота ұзартылды

22.06.2022

Ресейлік кәсіпкер Украинаны қалпына келтіруге миллиард доллар ұсынды

12.09.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа