Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,78 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,87 теңге.
Ұлттық банктің 12 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 444,5 теңге, сатып алу – 447,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 447,5 теңге. Ресей рублі 5,62 – 5,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.