No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

28.04.2023
Жаңалықтар
13
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елге заңсыз әкелінген телефондар бұғатталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Сату үшін әкелінетін телефондардың бір бөлігі Қазақстанға «сұр» импорт арқылы келіп түседі және олардың жиі қайталанатын IMEI-кодтары болады.

«Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры» (СКДҚ) мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI-кодтары бар шамамен 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, Цифрлық даму министрлігі «Сәйкестендіру кодтарының дерекқорын» кеден қызметтері жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр.

Бұл механизм:

  • – Заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
  • – Мемлекеттің кедендік және салықтық төлемдерден түсетін кірістерін ұлғайтуға;
  • – Клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға қысқартуға;
  • -Мобильді құрылғыларды ұрлаумен, сәйкестендірумен байланысты алаяқтық қылмыстарды азайтуға;
  • – Реттелетін және бақыланатын электроника нарығы есебінен халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ адал бәсекелестік бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Цифрлық даму министрлігі мен Ішкі істер министрлігі және «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-мен бірлесіп, «МРҚ» РМК сайтында ұрланған абоненттік құрылғылардың (ҚР ІІМ деректері) тізілімінде бар-жоғын анықтау үшін IMEI кодтарды тексерудің цифрлық сервисі құрылды (https://imei.rfs.gov.kz).

Осыған байланысты, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пайдаланылған ұялы телефондарды сатып алу кезінде тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың бар-жоғын тексеруді ұсынды.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Салық төлеушілерге арналған қосымшалар туралы білесіз бе?

01.10.2022

Қазақстанда бензин өндірісі бір жыл ішінде 5,7 пайызға артты

17.10.2022

Бизнесіңізді ребрендинг арқылы дамыту тәсілдері

02.11.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа