No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Енді қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвестициялық компанияларға бере алады

30.05.2023
Жаңалықтар
162
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба биыл 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Салымшыларға өзінің зейнетақы жинақтарының 50%-ін өз таңдауымен жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.

Министрліктің айтуынша, зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады.

«Салымшы жеке басқарушы компанияға аударған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайта қайтаруға құқығы бар. Мемлекет Ұлттық Банктің басқаратын, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтар бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді», – дейді ведомство.

Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), яғни инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинақтарына сол ИБП жауапты болады.

«Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет», – дейді министрлік.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Дикий Арманның қол астындағы 80-нен астам адамы ұсталды

14.07.2023

Жүздеген мұғалімнің зейнетақы жинағына төлем жасалмаған

02.04.2023

“Балалардың тамағы қап-қара”: Қарағанды қаласының тұрғындары кәсіпорындардың жұмысын тексеруді сұрайды

28.12.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа