No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Франшиза сатып алуда алданып қалмауға кеңес

04.11.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Франчайзиге ескеретін нәрсе — дайын бизнес моделін тексеру. Тәжірибесі аз немесе мүлдем жоқ франчайзи жұмыс барысында көп мәселелерге тап  болуы әбден мүмкін. Kazbusiness.kz сайты ең қауіпті франшизаның түрлері туралы ақпарат береді.

Франчайзер деген кім?

Негізі ең қиыны — қолайлы бизнес саласын табу. Қалтаңыздағы қаржыны есептеп, ойыңыздағы бизнес нұсқалардың тізімін қысқартыңыз. Сізге түсінікті әрі жақын бизнес түрін табуға тырысыңыз. Осы әрекеттерден кейін ғана франчайзерлермен кездесіп, бизнес жүргізудің қиын тұстарын, оны ашу әрі қарай жетілдіруге қанша уақыт қажет екенін талдаңыз. Франчайзер — дайын бизнес түрін және оны жүргізудің әдіс-тәсілдерін ұсынатын жеке және заңды тұлға.

Қауіпті франшизаның үш түрі бар:

Бос франшизалар. Алаяқтар басқа марканың ерекшелегін көшіру арқылы жалған бренд қалыптастыруы әбден мүмкін. Мәселен, сол компания өнімінің түсін, қызметін, құрамын және т.б. Әдетте бұл жағдайда бренд еш жерде тіркелмейді.Тәжірибесі жоқ франчайзи осындай франшизаны иеленіп, нәтижесінде алданып, дымсыз қалады. Франшизаны сатушылар көшірмені сізге табыстағаннан кейін ақшаны алып, жоғалып кетеді. Брендті ойлап табушы нағыз компания сізді сотқа беріп, қаншама ақшаны өндіріп алады. Тіпті сіз айтқан шындыққа да сенбеуі мүмкін.

Біркүндік франшизалар. Егер сіз сатып алатын бизнес жақын арада жасалып, компанияның құрылғанына көп уақыт болмаса, франшизадан алыс болыңыз. Себебі қулыққа салынып, сізден бастапқы жарнаны сұрайды. Кейін ақшаңызды алып, өзі де, франшиза да жоқ болады. Бұл — қылмыс.

Аяқталмаған франшизалар. Жұмысты енді ғана бастаған жас әрі шағын компаниялар өз франшизасын сізге ұсынады. Оларда жеткілікті тәжірибе, дайын схемалар, франчайзиге көмектесетіндей мүмкіндік болмауы мүмкін. Бүгінгі күні бизнесте осындай фирмалар көбейіп кетті. Олардың сізге пайдасы болмайды.

Сізде бұл жағдайда екі нұсқа бар: бизнесіңіз көп ұзамай жабылады немесе сіз оны жетілдіру үшін көп жұмыс істейсіз. Бірақ нөлден басталатын кәсіп үшін неге шығынға ұшырауыңыз керек? Оны ешкімге ақша төлемей-ақ өзіңіз де бастай аласыз.

Барлығын талдап, шешімін табуға тырысыңыз

Көп франчайзилердің мәселесі — соқыр үмітпен болжам жасау.

Өз франшизаларын ұсынатын көп компанияларда франшайзинг бөлімі бар.Оның басты мақсаты — франшизалардың сатылымын көбейту. Алдымен сіз қандай тәуекелге бара жатқаныңызды біліңіз. Компанияның үйіп-төгіп берген уәдесі орындалмауы болмауы мүмкін. Негізі өзіңіз жеке отырып нарық жағдайына байланысты сараптама жұмысын жүргізгеніңіз дұрыс болады. Егер шағын қалаларға арналған франшиза сатып алсаңыз, онда сұраныстың деңгейіне мән беріңіз. Ал мегополисте бизнес бастау сәл қиын болады.

Бюджетті үнемі қадағалап отырыңыз

Франчайзи үнемі өзінің кіріс-шығысын есептеп, дағдарыс жағдайына байланысты басқа да қаржы көздерін де қарастырып отыру керек. Жаңадан кәсіп ашқандада бірнеше қосымша шығындар болуы мүмкін. Оны да есепке алыңыз. Франшизалардың иесі презентацияларында сізге бұл жайлы да ақпарат береді.

Сізге қаржы қызметкерлерге еңбекақы беру үшін,  кеңсені жалдағаныңыз үшін де қажет. Алғашқы 3-6 айда франчайзилерде минусқа түседі. Оны  сәтсіздік деп қабылдамаңыз. Себебі бизнесті дөңгелетуге ақша саласыз, сосын бірте-бірте сұраныс артқан соң кіріс пен шығысты теңеседі.

Айтылғанның барлығы тәжірибесі аз франчайзилерге арналған кеңес. «Күріштің арқасында күрмек су» ішуді мақсат етпеңіз. Ақылмен, байыппен, асығыстыққа салынбай өз кәсібіңізді бастаңыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Аутсайдер” кәсіпорындар туралы білесіз бе?

16.08.2022

Алматы облысында Бас палатаның заң кеңесшілері 100-ге жуық тұрғынға “құқықтық көмек” көрсетті

26.07.2024

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 2 млрд теңге бөлінді

18.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа