Кәсіпкерлердің қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамауы адам өліміне әкеп соғуда. Мұндай жағдай Қазақстанның барлық өңірінде болып жатыр, – деді Юрий Ильин Қостанай облысында өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның айтуынша, елімізде бизнес нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтамау дерегі жиілеп кеткен.
«Бұл жағдай өндірістегі қауіпсіздік комитеті саласында да байқалады. Жыл басынан бері тек Қостанай облысында қауіпті өндірістік объектілерде 600-ден астам заңбұзушылық анықталды», – деді министр.