No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды

27.09.2022
Жаңалықтар
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның жоспары орындалып жатыр ма? Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады, деп хабарлайды kazbusiness.kz сайты.

Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, былтыр ұлттық жоба аясында 48,8 мың жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді, қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға гранттар берілді. Бұдан басқа, 33,4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды және 169 мыңнан астам ШОБ субъектілері бизнес ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер алды.

Жыл қорытындысы бойынша ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру арқасында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар – 196 мың), 814 мың адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді (жоспар – 700 мың). Сонымен қатар табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен нашар ауыл халқының үлесі төмендеді, ШОБ-тың ЖІӨ-ге үлесі өсті, ал экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді.

2022 жылы Ұлттық жобаны іске асыруға 1 562 млрд теңге жоспарланған, оның ішінде РБ – 311 млрд теңге, ЖБ – шамамен 54 млрд теңге, бюджеттен тыс қаражат – 1 197 млрд теңгеден астам.

2022 жылы мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізу күтілуде:

  • Елдің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 33,8%-ға дейін жеткізу;
  • 175 мың жаңа жұмыс орнын құру;
  • “Бастау бизнес” шеңберінде оқудан кейін өз ісін ашқан адамдардың үлесін 40%-ға дейін жеткізу;
  • 700 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту;
  • табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз ауыл халқының үлесін 7,1%-ға дейін жеткізу.

“Жалпы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылуда және Министрліктің тұрақты бақылауында”, – деді министр.

Байланысты Материалдар

Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды

10.06.2023

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Жүргізушіден – фермерге, бір қадам

04.07.2022

Қазақстанда қант саласын дамытуға 495 млрд теңге бөлінеді

28.08.2022

 Forte активтері 2,6 трлн теңгені құрады.

07.11.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды
  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа