No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кедейлікке алып келетін 4 фактор туралы білесіз бе?

09.12.2022
Жаңалықтар
4
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кедейлік деп – адамның табысы тіпті өмірлік қажеттіліктерге де жеткіліксіз болғанын айтамыз. Кедейлікке әкелетін түрлі сыртқы себептер бар. Көпшіліктің пікірінше, табыстың аздығы – адамның өз кінәсі. Негізінен бай болу өте оңай, тек адамның ішкіниеті түзу болуы керек. Бірақ адам санасында қаржылық сәтсіздікке ықпал ететін кейбір психологиялық ерекшеліктер де кездеседі, деп жазады kazbusiness.kz ақпараттық порталы. 

 1. Өзін-өзі дұрыс бағаламау

Өзін-өзі бағалау туралы сөз қозғағанда, көбінесе қарым-қатынастағы мәселелер мен ішкі күйзеліске назар аударып жатамыз. Бірақ бұл фактор адамның қаржылық жағына да кері әсерін тигізеді.

Өзін төмен бағалайтын тұлға жақсы табыс таба алатынына сенбейді және өзін жоғары айлыққа «лайық емеспін» деп есептейді. Мидағы шектеулерге байланысты тым ауыр әрі жалақысы аз жұмысқа қабылданып,  табысты көтеруді ешқашан сұрамайды. Мұндай адамдарды манипуляциялау да өте оңай. Оларға тек «ұнамаса — өтінішті үстелге қойыңыз, сыртта сіз сияқты жүз адам бар» және «мұндай жасаған жұмысыңыз үшін сізге ақы төленетініне риза болуыңыз қажет» деген сөздер болса жеткілікті.

2. Күйзеліс

Күйзеліске түсу – қалыпты жағдай. Күйзеліс болашақта  өзге де қиындықтармен күресу оңайырақ болуы үшін болып тұратын қалыпты психологиялық жағдай.

Егер күйзеліс ұзақ уақытқа созылса жағдай әлдеқайда нашарлайды. Бұл адамның есте сақтау қабілетін нашарлатып, тұрақты алаңдаушылық пен қиындықта жылдам әрі дұрыс ойланбауды, соның ішінде қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдамауға әкеліп соғады.

Сонымен қатар, күйзеліс тұйық шеңбер екенін атап өткен жөн. Әуелі ақшаның жетіспеушілігі стресті тудырады. Осыған байланысты адам ақпаратты өңдеу, жағдайды талдау және басымдықтарды анықтау қабілетін ішінара жоғалтады. Салдарынан екі есе шығынға ұшырайды.

3. Үйренген дәрменсіздік

Бұл психологиялық кедергі туралы зерттеу нәтижелерінен соң екі түрлі көзқарас қалыптасқан.

Зерттеушілер бастапқыда жануарларға бірқатар тәжірибелер жүргізіп, теріс қорытынды шығарған. Егер біреу өзі басқара алмайтын қиын жағдайға тап болса ол оған үйреніп, бір нәрсені өзгертуге қабілетті екеніне сенімін жоғалтады.

Адамдарда жүретін процестер жануарларға қарағанда күрделірек. Алайда, дәрменсіздік жағдайы бізде де байқалады. Мұндай жағдайды бастан кешірген адам пассивті, өзіне ыңғайлы ортада болса да ойын өзгертіп, өмірін жақсартуға тырыспайды және шешім қабылдауға дайын болмай келеді.

Екінші талдауларға келсек, адам керісінше дәрменсіздікке үйренбейді. Ол дәрменсіз болып туылады, содан кейін жағдайдың және қоршаған дүниенің әсерінен оның іс-әрекеті нәтиже береді деген сенімге иелік етеді.

Қалай болғанда да, ең бастысы, егер біреу өмір бойы жасаған әрекеттерінен оң нәтижеге жетпесе, жұмсаған күш-жігері үшін сыйақы алмаса, сол деңгейге үйрене береді. Кедейлік ұғымында да дәл солай.

4. Жағымсыз көзқарастар

Әрқайсымыздың өмірімізде тезірек шешім қабылдауға көмектесетін жағдайлар бар. Мысалы, «егер қазір жаттығуға барсам, ертең өкінбеймін, бірақ бармасам, өкініп қалуым мүмкін» немесе «бәрінен үздік болу мүмкін емес» деген тезистер бізге жаңа леп береді.

Материалдық әл-ауқатқа қатысты теріс көзқарастар адамның әрекетсіздігіне әкелуі мүмкін. Мысалы, бір адам барлық байлардың қылмыскер екеніне миын сендірсе әрі ол заңсыз әрекетке барғысы келмесе, онда ол көбірек табысқа ұмтылмайды.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

«Текелі-Гранит» зауытында 35 түрлі өнім шығады

27.06.2022

Алматы облысында 712 бизнес-идея мемлекеттен қолдау таппақ

09.12.2022

Елдегі темір тұлпар автокөлік өндірісі бір жылда 32%-ға өсті

24.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа