No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы зауыттан алғаш рет автокөлік шинасы шығарылды

Қарағанды облысы Саран қаласындағы зауытта шиналар өндірісі басталды. Салтанатты шараға Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, «Татнефть», Allur компанияларының басшылары және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. 

14.12.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміз үшін ауқымды жобаның құрылысы 2021 жылы басталды. Оны ресейлік «Татнефть» пен қазақстандық Allur компанияларының бірлескен кәсіпорны KamaTyresKZ ЖШС жүзеге асыруда. Зауыт толық қуатына шыққаннан кейін мұнда 1100-ден астам адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

«Бұл өндіріс біздің өнеркәсіпті дамытумен қатар, моноқалаларды дамыту үшін де маңызды. Өйткені, Саран қаласының мыңнан астам тұрғыны осы өндіріске жұмысқа орналасатын болады. Айта кету керек, бұл автомобиль өнеркәсібінің де, автокөлік әуесқойларының да сұранысын өтейтін шина өнімдерін шығаратын алғашқы отандық кәсіпорын», — дейді Роман Скляр.

 

Негізгі өндірістік ғимараттың ауданы 87 мың шаршы метрден асады және 9 футбол алаңына тең. Мұнда жыл сайын жеңіл және жүк көліктері үшін 3,5 млн шина шығарылатын болады. Өнімдер Сібір мен Орталық Азияда сатылады. Бұл Қазақстанды импортқа тәуелді мемлекеттен шиналарды экспорттаушыға айналдыра отырып, елдің автомобиль өнеркәсібінің дамуына серпін береді.

«Бұл жобаның бірінші кезеңі ғана, бүгін біз атқарылған жұмыстың алғашқы нәтежесін көрдік. Бірлескен жобаның екінші кезеңінде резеңке бұйымдарын шығаруды қолға алсақ, үшінші кезеңде ауыл шаруашылығы техникасына арналған шиналар шығаруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, мұның барлығы Қазақстанның бірегей инвестициялық ахуалының, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды», — деп атап өтті Рустам Минниханов.

 

Зауыт рекордтық мерзімде – 16 айда салынды. Құрылыстың толық аяқталуы 2023 жылға жоспарланған. Жобаның бас мердігері – қазақстандық BI Group компаниясы.

 

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Айшагүл Сандыбаева: Ыстық нан ырысымызды арттырды

03.09.2022

Оралда белгілі кәсіпкердің мәйіті көлік тұрағынан табылды

07.08.2022

Кәсіпкерлерге электронды мемлекеттік қызметтің пайдасы бар ма?

12.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа