No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Микрокредит ерекшелігі қандай?

18.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Микрокредиттер мен жедел кредиттер халық арасында өте танымал. Алайда, олардың ерекшеліктері мен тәуекелдерін бәрі бірдей біле бермейді.

Қарыз алу кезінде қандай жайттарды нені ескеру қажет?

Ең бірінші білу керек нәрсе – Сіз қарыз алатын ұйым тіркелген бе және тиісінше, халыққа микрокредит беруге құқығы бар ұйым болып табылады ма? Есептік тіркеу 2020 жылғы 1 шілдеде басталған болатын. Ал 2021 жылғы наурыз айынан бастап есептік тіркеуден басқа, мұндай ұйымдардың ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясы болуға тиіс.

 

Реттеушінің сайтында есептік тіркеуден өткен барлық ұйымдардың тізілімімен танысу керек. Мұны «рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» – «рұқсаттар» – «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі» бөлімінде жасауға болады Тікелей сілтеме

Қарыз шартын жасасу кезінде назар аудару керек екінші нәрсе – оның талаптары. Олармен қол қойылғанға ДЕЙІН танысу керек. Егер қандай да бір талаптар Сізге түсініксіз немесе күмән тудыратын болса, мұндай қарыздан және шартқа қол қоюдан бас тарту керек немесе түсініктеме алу үшін мамандарға жүгінген дұрыс.

Шарттың микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын кез келген ұйым (микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ онлайн-кредиттеу компаниялары) көрсетуге және сақтауға тиісті міндетті талаптары бар. Оның ішінде:

титулдық парақ;
шарттың жалпы талаптары;
қарыз алушының құқықтары;
ұйымның құқықтары;
ұйымның міндеттері;
ұйымға арналған шектеулер;
тараптардың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі;
шарттың талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі.
Шарттың титулдық парағына назар аударыңыз, ол шарттың бірінші парағы болып табылады және онда микрокредиттің талаптары, сомасы және мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, артық төлеу сомасы, өтеу әдісі мен тәсілі, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері қамтылады.

Микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар үшін жылдық тиімді сыйақының шекті мөлшерлемесі 56%-дан аспауға тиіс. Бұл ұзақ кезеңге алынған қарыздарға қатысты. Егер Сіз ақшаны қысқа, 45 күнге дейінгі мерзімге алсаңыз, онда мөлшерлеме бір айда 30%-ға жетуі мүмкін. Сонымен қатар, осындай қарыздың мөлшері 50 АЕК немесе 145 850 теңге мөлшердегі көрсеткішпен шектелген.

Қысқа мерзімді қарызды ресімдеген кезде қысқа мерзімді қарыздар бойынша негізгі борыштың бүкіл сомасын және пайыздарды бірден қайтаруға тура келетінін де ескеру қажет. Сонымен қатар, мұны ешқашан мерзімін өткізіп алмай жасаған дұрыс, керісінше жағдайда, Сіздің кредиттік тарихыңыз бұзылады, ал кредитор мерзімі өткен берешек үшін қосымша ақы төлеуді талап етуге құқылы.

Бұл ретте міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақы (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері қатаң түрде регламенттелген және әрбір мерзімі кешіктірілген күн үшін орындалмаған міндеттеме сомасының 0,5%-нан аспауы керек. Микрокредит беру туралы шарт бойынша қарыз алушының барлық төлемдері, оның ішінде сыйақы мен айыпақыны сомасын қоса алғанда, «негізгі» кредиттің 100%-ынан, яғни тікелей қарыз алушы алған сомадан аспауға тиіс.

Басқаша айтқанда, егер Сіз 1 айға 100000 теңге қарызға алған болсаңыз, тіпті төлем мерзімін өткізіп алған жағдайда да өсімпұлдарды қоса алғанда, бұл микрокредит бойынша ең жоғары төлем мөлшері 200 000 теңгеден аспауға тиіс.

Кредит алу туралы шешім жауапты шешім болып табылады, сондықтан кредитті қайтару кезінде қарыз алушының кредитормен келіспеушіліктеріне және қарыз алушының кредиттік тарихы бұзылуына жол бермеу үшін мыналарды білу қажет:

• кредиттің қаншалықты қажет екенін бағалау. Ақшаны басқа жақтан алу тиімді және әрі арзан болуы мүмкін;

• өзіңіздің кірістеріңіз бен шығыстарыңызды ескере отырып, қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеуіңіз;

• кредитке кететін шығыстардың күтілетін өсуін ескере отырып, өз мүмкіндіктерін талдау. Егер кредит қысқа мерзімді болса, онда бірден және бүкіл кредит мен пайыздарды беруге тура келеді;

• кредит алу шартта белгіленген мерзімде борыштың негізгі сомасын (кредитордан алынған соманы) қайтару, сондай-ақ кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы, комиссия және басқа төлемдерді төлеу міндеттемесін көздейтіндігін түсіну;

• қарыз шарты мен оның талаптарын мұқият оқып шығу қажет.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстандықтарға несие алу қиындайды

12.08.2022

ЕЭК кеңесі бизнес мүддесіне қатысты келелі шешімдерді қабылдады

28.11.2022

20 гектар жердің әр гектарынан 25 тонна өнім алып отырған шаруашылық

07.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа