No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

13.05.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол тиісті жарлыққа қол қойылғаны жөнінде Олий Мажлис палаталары, партиялар, сот және атқарушы билік басшыларымен референдум нәтижесіне арналған кездесуде айтты.

«Әрине, мұндай шешімнің қандай объективті қажеттілігі бар?» деген сұрақ туындайды. «Неліктен мен президенттік мерзімімнің қалған 3,5 жылынан өз бетіммен бас тартып отырмын?», – деді Ш.Мирзиеев.

Өз сауалына берген жауабы: «Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің Негізгі заңға сәйкес, біріншіден, биліктің барлық тармағы реформаланады. Олардың арасында қарым-қатынас пен баланс айтарлықтай өзгереді.

Екіншіден, жаңартылған Конституция президент, парламент, үкімет, министрліктер мен хокимдер алдына уақыт күттірмейтін жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер қойып отыр.

Үшіншіден, халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформалар күтеді.

Төртіншіден, әлемде және өңірде шиеленіскен және қиын процестер болып жатқан қазіргі жағдайда, дамудың дұрыс әрі тиімді жолын іздестіру және іске асыру ең өзекті, ең маңызды мәселе болып отыр».

Еске салайық, 6 мамыр күні Өзбекстанның Сайлау кодексіне президентті, заң шығарушы палата мен Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатысты өзгерістер енгізілген болатын.

Ел президенті кезектен тыс сайлауды жариялаған күннен бастап науқан екі ай мерзімі ішінде өткізілуі қажет.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысында газға қосылу бағасы 350 мыңнан аспайтын болады

18.03.2023

Текеліде темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт іске қосылды

08.10.2022

Қытай корпорациясы қазақстандық кәсіпкерлермен уағдаласуға ниетті

11.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа