No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында халықты газбен қамту бойынша соңғы орындарда

18.04.2023
Жаңалықтар
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында газбен қамту бойынша аутсайдер болып қала береді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Қазақстанда көгілдір отынды небәрі 11,6 млн адам (немесе 59%) пайдаланады.  Халықтың 38%-ы осы отынға қол жеткізген Қырғызстанда ғана жағдай бізден нашар.

Газ мәселесінде одақтағы басқа серіктестер әлдеқайда алда, дегенмен табиғи газ қоры бойынша Қазақстан Ресейден басқаның бәрінен алда.

145,5 млн халқы бар Ресей Федерациясының өзінде газдандыру деңгейі 73%-ға жетті.

Бұл бағытта импорт есебінен Беларусь алда. Ел тұрғындарының 97%-ы газбен қамтамасыз етілген.  Армения ешқандай газ кен орындарының мүлдем жоқтығына қарамастан, газдандыру (96%) бойынша да жетекші елдердің бірі болып табылады.

Қазақстанда газды өндіру және экспорттау үздіксіз жүргізілгенімен, ішкі газ мәселесін шешуде ілгерілеушілік баяу.  ҚР Энергетика министрлігінің статистикасы 2018 жылдан бастап газдандыру деңгейі 49,7%-дан 59%-ға дейін өзгергенін, динамикадағы қадам жылына небәрі 1-3 пайыздық тармақты құрайтынын көрсетеді.  Тиісті ведомствоның жоспары бойынша, 2023 жылдың соңына қарай газға қол жеткізетін халық саны небәрі 160 мың адамға өсіп, 11,8 млн адамға (барлығы 60%) жетеді.

Дегенмен, 59% орташа көрсеткіш Қазақстанның әртүрлі аймақтарының газдандыру деңгейі бойынша қаншалықты ерекшеленетіні туралы түсінік бермейді.  Еліміздің негізгі газ кен орындары батыста орналасқан, сондықтан бұл өңірлердің (Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) тұрғындарының барлығы дерлік көгілдір отынға қол жеткізе алады.

Көрсеткіштер оңтүстікте де жоғары: Алматы – 99,2%, Шымкент – 94,2%, Жамбыл облысы – 90,2%. Бұл 2023 жылғы 22 ақпандағы үкімет отырысында жарияланған Энергетика министрлігінің мәліметтері. Солтүстіктегі барлық аумақтар мұндай көрсеткіштермен мақтана алмайды: ең ірі газ құбырларынан (Бейнеу-Шымкент, Қазақстан-Қытай) неғұрлым алыс болса, соғұрлым газдандыру деңгейі төмен.   Ал, көптен күткен, осыдан үш жыл бұрын салынып біткен “Сарыарқа” газ құбырының құрылысы да Орталық Қазақстанда бұл мәселесін әлі түбегейлі шешкен жоқ. Астана қаласын қамтамасыз ету, Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, 15,1% деңгейінде қалып отыр, Қарағанды ​​және Ұлытау облыстарында бұл көрсеткіш небәрі 1,5% құрайды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Теңгенің құбылмалылығы неге байланысты? Ұлттық банк жауап берді

03.10.2022
фото: ашық дереккөз

Мейрамдардың жаңа тізімінде Тұңғыш Президент күнін қалдырды

02.08.2023

“Лепсі табиғи балы” шетел нарығын бағындыруда

12.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа