No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

14.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Оның айтуынша, биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр.

 

«Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілуде. Бүгінде осындай 7 мыңға жуық талап анықталды, олар жойылады», — деді Әлихан Смайылов.

 

Сондай-ақ ол мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталғанын атап өтті.

 

«Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуы тиіс. Қабылданып жатқан шаралар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді», –– деді Премьер-Министр.

 

Әлихан Смайылов бизнесті қосымша қолдау мақсатында моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдарда 5% жеңілдікпен шағын несиелендіру енгізілгенін, сондай-ақ несиелендірудің ең жоғары сомасы 7-ден 3 млрд теңгеге дейін төмендетілгенін айтты, бұл ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Оның айтуынша, бәсекелестікті дамыту үшін экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасады. Атап айтқанда, Жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO өткізілді.

 

Сонымен қатар МЖӘ тетіктерін қайта жаңғырту үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту, жобалардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекет пен бизнес арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау көзделген заңнамалық түзетулер әзірленді

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарды

04.11.2022

Кеңес: Ақша жинау үшін не істеу керек?

04.01.2023

Ташкенттегі өзбек-қазақ бизнес-форумында $2,5 млрд тұратын келісімге қол қойылды

23.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа