Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендетілді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:
36 бет – 8 АЕК (27 600 теңге);
48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге).
ҚР азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты айыппұл 1 АЕК (3450 теңге) мөлшерінде белгіленеді.
Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.