No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық банктегі салымдар бір айда 4 пайызға ұлғайды

16.11.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша қазақстандық банктердегі салымдар бір айда 4,1%-ға, 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жылдық өсім – 17,3%. Жеке тұлғалардың салымдары – 14,68 трлн теңге, корпоративтік салымдар – 14,73 трлн теңге, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі ірі екінші деңгейлі банктер арасында айлық өсім бойынша “Bank RBK” көш бастады (+11%, 1,3 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 55,4%. Бұл сектордағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін айта кету керек. “Bank RBK”-де қыркүйек айының басында да осындай жоғары көрсеткіштер байқалды.

Банк портфелінің 69,2%-ы корпоративтік салымдардан (868,2 млрд теңге), 30,8%-ы бөлшек депозиттерден (386,5 млрд теңге) тұрады. Қаржы институтында қаражатты бір уақытта төрт валютада (теңге, АҚШ доллар, рубль, еуро) сақтауға мүмкіндік беретін жоғары ставкалары бар мультивалюталық бөлшек депозиттердің кең желісі бар. Оған Safe (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 16% дейін) және Depositum (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 15,5% дейін) депозиттері жатады.

Bank RBK осы айда несие портфелінің өсімі бойынша да көш бастап тұр.

Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында “Eurasian Bank” орналасты (11%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 48,5%. Банк бір ай бұрын өсім бойынша үздік үштіктің қатарында болған. Қаржы институтының жиынтық депозиттік портфелінің 58,8%-ын бизнес салымдары, 41,2%-ын бөлшек салымдар құрайды. Үздік үштікке “Ситибанк” кіреді (10,2%, 1,2 трлн теңгеге дейін). Жылдық өсім – 31,3%.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Зейнетақы шоттарында ақша азайып жатқаны рас па?

14.03.2023

Зейнетақы жинағын алу шегінің өзгеруіне әсер ететін факторлар қандай?

13.12.2022

Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек

14.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа