No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық бизнесмендер Қытайда $100 млн экспорттық келісімшарттар жасасты

17.05.2023
Жаңалықтар
18
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қытай ХР Төрағасының бастамасымен Орталық Азия елдерінің көшбасшылары шақырылған «Қытай – Орталық Азия» саммиті қарсаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Qaztrade-пен бірлесіп Сиань қаласында бизнес үшін сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Іскерлік іс-шараға 15-17 мамыр аралығында 40-тан астам қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер қатысады. Бұл май және ет өнімдерін, макарон және кондитерлік өнімдерді, бал, шарап жәнеарақ өнімдерін, кебек, шырындар және басқаларыншығаратын кәсіпорындардың өкілдері.

Қытай тарапынан бизнес-кездесуге 800-ден астам кәсіпкер және лауазымды мемлекеттік қызметкерлер келді.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев өзінің құттықтау сөзінде пандемиядан кейінгі кезеңге қарамастан, Қазақстан мен ҚХР арасындағы өзара сауда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізіп, өткен жылы $24 млрд-тан асқанын, оның ішінде қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, $13,2 млрд құрағанын атап өтті.

«Қазақстандық компаниялар қытайлық тұтынушыға $1 млрд астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын», – деп еске салды вице-министр.

Іскерлік алаңында қазақстандық компаниялар өздерінің экспорттық әлеуетін таныстырып, отандық өнімдердің үлгілерін ұсынды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша ҚХР-ға шамамен $100 млн сомаға құрғақ түйе сүтін, сусындар, жұмыртқа кеспесін, ІҚМ және ҰҚМ етін жеткізуге арналған экспорттық келісім шарттарға және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы тағы да 4 меморандумға қол қойылды.

Сиань қаласындағы сауда миссиясы шеңберінде «KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы және «Ухань Ханьоу» халықаралық логистикалық компаниясы (Wuhan Asia Europe Logistics Co.) ынтымақтастық туралы меморандумға және қол қойды.

Тараптар қазақстандық өнімді Қытай нарығына ілгерілету жөніндегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

 

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Жеке даму бойынша кеңесші Питер Брегманның “18 минут” кітабы не туралы?

03.11.2022

Әлемнің 8-ші кереметі: Дубайда “Ай” салынады

24.05.2023

Қазақстандық дихандар 9,2 млн га дақыл жинады

08.09.2022

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа