No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар криптовалюта туралы қайдан біледі?

Қазақстан халқының басым бөлігі криптовалюта туралы ақпаратты Telegram желісінен алады. Бұл туралы Binance биржасы жүргізген сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

10.02.2023
Жаңалықтар
74
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Binance криптовалюталық биржасы Қазақстандағы өз пайдаланушылар арасында криптовалютаға қатысты сауалнама жүргізді. Оның нәтижесінде сандық ақша туралы бірқатар қызықты деректер анықталды.

Сауалнама мыңнан астам адам (1180) арасында 2022 жылдың қазан, қараша айларында жүргізілген. Сауалға қатысушылардың басым бөлігі ер адамдар – 84,9%, ал әйел адамдардың үлесі –  15,1%. Сондай-ақ, сұраққа жауап берушілердің негізгі бөлігі (25%) өнеркәсіпте жұмыс істейді. Екінші-үшінші орындарды ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері (14,2%) және сауда саласының қызметкерлері  13,1% құрады.

Binance биржасы жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, адамдардың көпшілігі криптовалюта туралы ақпаратты интернеттен (45,4%) және достары не отбасы мүшелерінен (22,9%), сонымен қатар әлеуметтік желілерден (20,2%) алады екен. Дәстүрлі БАҚ көздері арқылы ақпарат алатын адамдардың үлесі небәрі – (3,9%) құрады.

Ал әлеуметтік желілер арасында қазақстандықтар үшін негізгі ақпарат көзі Telegram екені анықталды. Осы желі арқылы отандастарымыздың 48,9% криптовалюта туралы жаңалықтарды біліп отырады. Бұл көрсеткіште екінші орында YouTube – 29,2% және үшінші орында Tik-Tok – 6,3%.

Сонымен қатар, Қазақстандағы Binance сауалнамаға қатысқан пайдаланушылардың криптовалютадағы негізгі активі – Tether (19.3%) болып табылады. Тарихи Bitcoin монетасы екінші орында – 16.2%. Үшінші орында BUSD – 12.8%.

Айта кеткен жөн, ақпан айының басында өткен Digital Almaty форумындағы сессиялардың бірінде криптоиндустрия талқыға түскен. Онда Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төрағасы Сапар Ахметов қауіпсіздік мәселелерін ескере отырып, Қазақстанда криптовалюта айналымын енгізу қажет екенін айтқан. Ал Электронды өнеркәсіп және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті директорының орынбасары Ғизат Байтұрсынов: «көптеген елдерде криптовалюталар төлем құралы ретінде қолданылады. Бізде оған Ұлттық банк әлі дайын емес, дегенмен болашақта жетеміз деп ойлаймын», – деп атап өтті.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Тимоти Декстер қалай байыды?

21.12.2022

Білім алуға ақша қалай жинауға болады?

14.12.2022

Ауыл шаруашлығы министрі Алматы қаласындағы қайта өңдеу кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

30.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа