Қазақстанның жаңа картасы дайындалды. Бұл әкімшілік-саяси құжатты дайындауға бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалған, деп хабарлайды Kusbusiness.kz.
Елдің жаңа картасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі таныстырды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда жаңа облыстар құру туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.
2022 жылдың 3 мамырында республикада Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осылайша, ұсынылған Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының жаңа шекараларын, сондай-ақ елдің жаңадан құрылған облыстарының орналасуын көрсетеді. Сонымен қатар, ведомство Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының тақырыптық карталарын және сонымен бірге, олардың облыс орталықтарының жоспар-схемаларын қамтыған.
Осылайша, министрлік республикалық бюджеттен бөлінген 56 миллион теңгеге:
– Масштабы 1:1 500 000 Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасын;
– Масштабы 1:1 000 000 Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының карталарын жаңартты, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының карталарын;
– Масштабы 1:25 000 Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының жоспар-схемаларын;
– Масштабы 1:10 000 Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жоспар-схемаларын жасады.
“Іс-шара – Президенттің осы шешімін іске асыру жолындағы тағы бір қадам. Өндірілген картографиялық және геодезиялық материалдар мен деректер мемлекеттік басқаруда, елдің инфрақұрылымын дамытуда, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, навигациялық қызметтер саласында және адам қызметінің басқа да салаларында шешімдер қабылдау кезінде аса маңызды және қажетті геокеңістік негізі болып саналады”, – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.
Жаңа карталар барлық мүдделі мемлекеттік органдарға берілді. Сонымен қатар, карталарға жеке және заңды тұлғалар қол жеткізе алады.