No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сарыөзек тұрғындары 2 жылдан бері табиғи газдың рахатын көре алмай отыр

30.11.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жетісу облысының Сарыөзек ауылына екі жыл бұрын тартылған газдың рахатын халық көре алмай отыр. Себебі, шенеуніктер дайын дүниені екі жылдан бері әлі қоспаған.

Сарыөзек ауылындағы көшелердің бойына газ құбырлары толықтай тартылған. Жалпы осы ауылды көгілдір отынмен қамту үшін жүргізілген құбырдың жалпы ұзындығы – 122 шақырым. Бірақ, ауылға келіп тұрған газдың рахатын сарыөзектіктер 2 жылдан бері көре алмай отыр.

«Сарыөзек кентінде 2019 жылы газ құбыры құрылысы жүргізілген. 2020 жылы қосамыз деген. Енді халық сұрап жатыр. Газды қашан қосады?»,- деді Сарыөзек ауылының тұрғыны Қайрат Батталиев.

Сарыөзек ауылына газ құбырын тарту үшін 1,8 млрд теңге қаржы жұмсалған. Бұл станцияның құрылысы, тіпті 2019 жылы біткен. Бірақ Кербұлақ ауданында газға қосылған бірде-бір елді-мекен жоқ. Тіпті, дайын тұрған станция іске де қосылмаған.

«Зерттедік, мердігер компания уақытында жұмыс істеген, мердігер тарапынан бәрі дұрыс. Мердігер компаниямен жұмыс істеген біздің алдымыздағы басшылық жұмыстың бәрін қабылдап алған», – деді Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ернат Бәзіл.

Қазір Жетісу облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы миллиардтаған қаржыға жасалып, бірақ халық иегілігін көрмей отырған нысандардың барлығына тексеру жүргізіп жатыр.

«2020 жылы Сарыөзек ауылының ішіне тартылған газ жүйесінің құрылысы біткен. Алайда, сол жылдан бастап, әлі күнге дейін халыққа газ берілмеді. Бұл бойынша да бізбен талдау жүргізіліп, облыс әкімшілігімен бірігіп, мердігер компаниямен сөйлесіп, ақаулар, орын алған кемшіліктер бәрі жойылу үстінде. Енді атқарушы органның айтуынша, желтоқсан айының соңына дейін халыққа газ беріледі», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов

Жалпы Жетісу облысында 192 елді-мекеннің тек 10 пайызы газбен қамтылған. Ал оның қаншасында мемлекеттің қаражаты жұмсалып, халық игілін көрмей отырғанын Антикор тексеріп жатыр.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматылықтар Бердібек Сапарбаевті ақтық сапарға шығарып салды

11.06.2023

Министр Сүлейменова орманшылардың рациямен айтқан соңғы сөзін айтты

12.06.2023

Еңбекақыға үстемақы қосылатыны хабарланды

14.04.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа