No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік көлік иелері темір тұлпарды 6 ай ішінде заңдастыруы тиіс

17.12.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелден әкелінген, заңдастырылмаған көліктерді мемлекет ұсынып отырған жеңілдікті пайдаланып рәсімдеп алуға 6 ай уақыт берілетінін айтты.

Министрлік өкілінің айтуынша, Президенттің осы мәселені реттеу туралы тапсырмасын орындау үшін Салық кодексі мен Экологиялық кодекске түзетулер енгізілген. Атап айтсақ, Салық кодексіндегі түзету бойынша, заңдастыруға жататын көлікті бастапқы тіркеу үшін төленетін алым 200 мың теңге етіп белгіленбек. Ал, Экологиялық кодекстегі түзету бойынша кәдеге жарату төлемі (утильдік алым – ред.) алып тасталмақ.

«Ішкі істер министрлігі шетелден әкелінген көліктерді заңдастырудың тәртібін, мерзімі мен шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне еніп, тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін заңдастыру басталады. Заңдастыруды 6 ай ішінде жүргізу жоспарланып отыр», — деді Әкімшілік полиция комитетінің басшысы.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдаланбай, шетелдік көлігін заңдастырмаған адамдарға не істеуге болатынын айтты.

«Заңдастырудан өтпеген көліктердің иелері қайтадан әкелген еліне шығаруы керек болар немесе бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатып құтылатын шығар. Мен басқа жолын көріп тұрған жопын», — деді ІІМ өкілі.

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының индустриалды аймағындағы екі жаңа кәсіпорынды іске қосты

23.09.2022

Негізсіз тексеріс келсе, кәсіпкерлерге не істеу қажет?

15.02.2023

«Баға шарықтап өсуде» — Тоқаев

13.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа