No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында 100-ге жуық тұрғын жерін заңдастыра алмай келеді

01.12.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Талдыбұлақ ауылында 100-ге жуық тұрғын талай жылдан бері жерін заңдастыра алмай келеді. деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Соның кесірінен ел жарық пен көгілдір газдан, басқа да мемлекеттік қызметтен қағылып отыр. Бұқара мұндай олқылықтың бәріне кезінде учаскелерді сатқан арадағы делдалдарды кінәлайды.

О баста нысаналы мақсаты шаруа қожалығын жүргізуге арналған Талдыбұлақ ауылындағы жерлер осыдан алты жыл бұрын 100 шақты адамға сатылған. Сол кезде жерді сатып ақшасын алған адамдар құжатын реттеп береміз деп елді сендіріп келген. Уәдеге иланған жұрт шама-шарқы келгенше қазір үйін салып тастаған. Алайда халық әлі күнге дейін құжатын заңдастыра алмай келеді.

“Басжоспарды көрсетті, қолымызға берді.  Араға уақыт салып, жер саяжай аумағында екен, Виноградов, Садовая, Вишневая көшесі болатынын айтты. Сосын қайтадан ауылдың аймағына қарайтынын айтып, құжат жасалады деп сендірді. Алты жыл созып келді”, – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрболат Жабағиев

5 гектардай жердің иесі – жеке адам. Учаске төрт лекке бөлініп делдалдар арқылы жұртқа сатылған. Алайда олар тыраштанып тауып, жинап берген ақшамызды иесіне толық жеткізбеген көрінеді. Тұрғындардың айтуыша, ел жерін қожайынынан қайтадан сатып алуға мәжбүр болыпты.

“Тауып берем ақшаны, жасап берем дегеніне 4 жыл болды. Мен қазір үй де сала алмай отырмын. Балалармен қаңғырып пәтер жалдап жүрмін. Не деген сұмдық”, – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Маржан Ербол.

Тұрғындар құжаттың дұрыс еместігіне қарамастан заңсыз үй салып алғанын мойындайды. Бірақ алаяқтардың арбауында түсіп, сенгенін жасырмады. Қазір бұқара жарықсыз, жылусыз отыр. Мектеп пен емханаға тіркелу де қиын.

“Не балаларымызды тіркеуге отырғыза алмаймыз, не балаларымызды дұрыстап оқытайық десек не жарық жоқ, не газ жоқ. Жан-жағымыздакөршілерден электр тоғын уақытша жалғап отырмыз”, – деді Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Айнұр Нүсіпбекова.

Жерді сатқандардан ешқандай қайыр болмайтынын түсінген халық аудан әкімшілігіне барып жерді қолдану мақсатын ауыстырып беруін талап етті. Ал оны ауыстыру үшін мемлекетке жердің кадарстрлық құнын төлеуі тиіс екен. Бірақ тұрғындар ол ақшаны бөліп төлеуді сұрайды.

“Бұл кісілер бәрі коллективно жиналып, сотқа арыз жазса, егер сот бөліп төлеуге бізді міндеттесе,  график жасап береміз. Заң бар. Енді біз заңнан аса алмаймыз ғой”, – деді Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ермек Толқынов.

Жердің заңдастырылуы енді соттың шығарған шешіміне байланысты болмақ. Ал елдің ақшасын алып, уәдесін орындамағандардың атына облыстық прокуратураға арыз жазуға кеңес берілді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкер қаперіне…

31.01.2023

Алматыда кәсіпкерлер атын жамылып, ақша бопсалағандар ұсталды

04.08.2022
Фото: Андрей Лунин

Bank RBK мемлекет алдындағы қарызын мерзімінен бұрын өтеді

30.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа