No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар ауданында 60 мыңға жуық тұрғын бір мезетте жылусыз қалды

02.12.2022
Жаңалықтар, Айна
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Алматы облысы, Талғар ауданында газ құбырында апат болып 60 мыңға жуық тұрғын бір мезетте жылусыз қалды, деп хабарлайды kazbusiness.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Тұздыбастау ауылындағы тұрғынның бәрі де үйлерін көгілдір отынмен жылытады. Коммуналдық қызметтің бәрі де бір-біріне байланысты. Тоқ көзі өшсе, үйдегі пеш те істен шығады. Кеше кешкі 7:00-де ажыраған газ бүгін түске таяу қосылған. Оның өзінде қысымы төмен дейді жұртшылық. Қыстық көзі қырауда, түннен тоңып шыққандарын айтады.

«Өздеріңіз білесіздер, қар жауып тұр. Ауа-райы өте суық. Екі сағаттан кейін үй қатты суи бастады. Үйде балалар бар, келіншегім бар. Бізде -5 -10 градуста жағдай осындай. Екібастұздағы жағдайдың қандай қиын екенін түсінгендейміз», – деді Тұздыбастау ауылының тұрғыны Мейіржан Әуелханұлы.

Коммуналдық апат Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында болды. Шіріген ағаш бұтақтары газ құбырына құлаған. Салдарынан мұндағы 10 мыңнан астам жеке сектордағы тұрғын үй бір түннің ішінде көгілдір отынсыз қалды.

Жұрт жергілікті әкімдікке жол бойындағы ағаштардың қауіп төндіріп тұрғанын бұған дейін бірнеше рет айтқан. Десе де олар сөзімізге құлақ аспады деп отыр. Зардабын халық көргеннен кейін ғана мұнда өз қызметкерлерін жіберген. Қазір ағаштарды кесу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, бұған дейін Құлжа тас жолы бойының аумағы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына тиесілі болыпты. Сол себепті, мұндағы мәселелер назардын тыс қалған көрінеді. Аумақ әкімдік қарамағына биыл ғана өткендіктен ағаштарға санитарлық кесу жұмыстарына қаржы тек алдағы жылы қарастырылыпты.

«Бізге биылдан бастап берілді. Бірақ, бұл біздің планымызда болған жоқ. Жол бойындағы ағаштарды ретке келтіруге алдағы жылы 15 млн ақша бөлінді. Халыққа да айтып жатырмыз, қай жерде қисайып тұрған ағаш болса, суретке түсіріп, адресін жіберсін, біз барып кесеміз», – деді Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулетәлиев.

Көгілдір отын бір мезетте өшкен Панфилов, Гүлдала және Тұздыбастау ауылдарына «Тәуекел-Н-Алғабас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді. Белгілі болғандай қызметкерлер түнімен жөндеу жұмыстарын жүргізген. Қазір елді мекендерге көгілдір отын біртіндеп беріле бастады.

«Қазір ауылдың басым бөлігіне газ қосылды. Жерге құлаған құбырды дер кезінде қалпына келтірдік. Қазір жағдай тұрақты. Алдағы уақытта жұмыс толық аяқталса, қауіпсіздік жұмыстарын тағы бір мәрте пысықтаймыз. Алдағы уақытта мұндай олқылық болмайды деп сенеміз», – деді «Тәуекел-Н-Алғабас» ЖШС директорының орынбасары Әсел Тұрғанбаева.

Компания өкілдері көгілдір отыннан ажыраған үйлерге бүгін кешке дейін газ толық қосылатынын айтты. Жалпы бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік Талғар ауданындағы 40 мыңға жуық жеке секторға қызмет көрсетеді.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Еңбекшіқазақ ауданында жылына 5 мың тонна бау-бақша өнімі өндіріледі

19.09.2022

Ақтөбедегі кәсіпкерлер палатасында «прокурор кабинеті» ашылды

09.10.2022

29 жасқа дейінгі әйел 8,5 мың кәсіпорынға иелік етеді

02.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа