Тұңғыш Президент кеңсесіне бөлінетін қаржы 130 млн теңгеге қысқартылады, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.
«Нақтыланған бюджет аясында ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесінен шамамен 130 млн теңгені қысқартатын боламыз. Қаражат 1-1,5 млрд теңгесі шамасында бөлінген. Содан шамамен 130 млн теңгені алып тастаймыз. Бұл тек осы жылға ғана», – деді ол.