No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан облысында 610 миллион теңге салынған мектепке қайта жөндеу жұмыстары қажет

25.11.2022
Жаңалықтар, Әлеумет
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында биыл 610 миллион теңгеге салынған мектепте оқушылар екі ай ғана оқи алды. Қазір олар мектептің бұрынғы ғимаратында оқуға мәжбүр деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі “31” арнаның хабарына сүйеніп.

“Жарық жоқ, жылу жоқ. Балалар жаңа мектепте оқи алмай қалды. Ауданның да, ауылдың да әкіміне айттық, барлық жауапты мен мектеп басшылығына мәселені талай айттық. Бірақ мәселе әлі шешілмей келеді”, – деді ата-аналардың бірі Нина Марченко.

Айға жуық қаңырап тұрған жаңа мектептің жертөлесіне су толып қалған. Мұғалімдер оның деңгейін күрекпен өлшеп, журналистерге көрсетті. Толассыз жауған жауыннан су деңгейі одан сайын көтеріліп барады екен. Жертөле су толып қалғасын ғана емес, онда электр құрылғысы орнатылғасын да қауіпті болып тұр дейді жұрт. Оны мектеп ұжымы қауіпсіздік үшін өшіріп тастаған.

Қазір онда жылу да жоқ. Кабинеттер қатты суып кеткесін оқушылар ескі мектепте оқуға мәжбүр. Бірақ оның өзі құлайын деп тұр дейді ата-аналар.

“Балалар сыймағаннан кейін күз кезінде осында оқытты. Қыс басталып, жаурағаннан кейін қайтып артқа (ескі мектепке – ред.) қайтарды. Мектептер құлайын деп тұр. Мұны сарапшылар да растап, шешім шығарды”, – дейді ата-аналардың бірі Досбол Әбдібай.

Журналистердің сөзіне сенсек, құлайын деп тұрған мектептің едені аршылып, тақтайлар морт сынуға шақ тұр, қабырғалары да қарс айырылған, ұзыннан түскен сызаттарға саусақ сыяды. Ұстаздар мектептің төбесін тек ескі ағаш бөренелер ұстап тұрғанын айтады. Соған қарамастан онда 500-ден астам бала үш ауысымда оқиды. Ата-аналардың айтуынша, сабақтардың кейбірі қашықтан оқуға көшірілген.

Сайрам ауданы адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Тәттімбаева балаларды жекеменшік мектепке жіберейік деп ұсыныс айтқан. Алайда ата-аналар бұған үзілді-кесілді қарсы. Олар мектеп дереу жөнделсін дейді.

Ал құрылыс басқармасының басшылығы жертөле суын шұғыл сорғызып, қашыртқылар орнататынын айтты.

“Ретке келтіруге болады. Бұл жерде бастысы конструкцияда ешқандай ақау жоқ. Сызат түспеген. Мектептің шатырынан су ағып тұрған жоқ”, – деді Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов.

Құрылыс сапасына мектепті салған компания бес жыл кепіл боламыз деп айтқан. Енді сол қателерді 10 күнде түзейміз деп уәде берді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қаржылай сауатты адамды анықтайтын 5 белгі

21.12.2022

500 мың теңгемен инвестициялауды қалай бастау керек?

29.12.2022

Батыс Қазақстанда 150 киік өлі табылды

20.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа