No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркиялық инвесторлар керамика өнімдерін шығаратын зауыт салуға ниетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Sembol Construction» компаниясының қаржы жөніндегі Атқарушы Кеңесінің мүшесі Октай Горгулмен кездесті. Аталған компания Түркістанға кезекті инвестициясын салып, ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде кабель және керамикалық өнімдер мен сантехника шығаратын зауыт ашуға ниетті. Облыс әкімі инвестициялық жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

21.11.2022
Жаңалықтар
0
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

– Сіздер ұсынып отырған жобалар біз үшін өте маңызды. Инвестиция құямын дейтін компанияларға, азаматтарға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылым бойынша сұраныстарыңызды толық орындаймыз. Арнайы экономикалық аймақтан жер, инфрақұрылым ұсынамыз. Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының Түркістан облысының дамуында ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Түркістан – қасиетті шаһар. Қасиетті қалада айтылған уәделер, сөздер орындалуы керек. Әріптестігіміз нығайып, жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Октай Горгул Түркістан қаласын аралап көргенін, серіктестерімен бірге зерттей келе қалаға инвестиция салу жөнінде шешімге келгендерін айтты.

– Біз ұсынып отырған екі жоба жүзеге асса, өңір экономикасына оң серпін береді деп ойлаймын. Бірінші жобамыз – кабель шығаратын зауыт. Оның инвестициялық құны – 84 млн. АҚШ доллары. Кабель өнімдері мен түрлері шығарылатын зауытта түркістандықтар жұмыспен қамтылады. Жылына 12 мың тонна өнім шығарамыз деген жоспар бар. Екінші жоба – керамика өнімдері мен сантехника шығаратын зауыт. Зауыттың жылдық қуаттылығы – 6 млн. шаршы метр. Инвестициялық құны – 150 млн. АҚШ доллары. Зауыт салу жұмыстарымен осы салада тәжірибесі бар түркиялық компаниялар айналысады, – деді түркиялық инвестор.

Керамикалық өнімдер шығаратын зауытта Италияның құрылғылары орнатылмақ. Соңғы технологиялар қолданылады. Аталған зауыттарда 1000-ға жуық жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде Қазақстан кабель мен керамикалық өнімдердің басым бөлігін шетелден импорттайды. Нақтырақ айтсақ, елімізге 150 млн. долларға керамикалық плиткалар, 37 млн. долларға санфаянс, сондай-ақ 236 млн. долларға кабельдер мен сымдар тасымалданған. Бұл зауыттар арқылы отандық өнімнің үлесі артатын болады.

Облыс әкімі зауыттарды салу үшін жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Түркиялық инвесторларға бұл мәселені тағы да пысықтап, арнайы шарттарды бекітіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

ҰҚК Академиясының жатақханасында курсанттың денесі табылды

01.05.2023

Шетелдік көлікті “сақтандыру” арқылы жүргізуге тыйым салынуы мүмкін

06.12.2022

Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағын 115 млн долларға жалға алып отыр

11.05.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа