No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұйғыр ауданы жүзім өсіруден алдыңғы орында

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауданының тқрғындарымен кездесті. Халықпен дидарласқан өңір басшысы аймақтың дамуына көз жүгіртіп, жекелеген салалардағы түйіткілдер туралы да тарқатып айтты.

13.10.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұйғыр ауданы облыс бойынша жүгері, жеміс-жидек, құс етін өндірудің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Сәйкесінше, облыс экономикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы, аудан жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Бірақ, облыста жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, жекелеген салаларда бірқатар мәселелер туындауда. Бұл туралы Марат Елеусізұлы өз сөзінде тілге тиек етті.
Ұйғыр ауданы облыста ауыл шаруашлыығы дақылдарының жалпы егіс көлемі бойынша 9-шы орында тұр. Ауданның барлық егістік алқаптарының үштен бірін жүгері өсіруге тиесілі. Аталған дақылдан алынатын өнім көлемі 83 мың тоннаны құрады.

«Ұйғыр ауданы барлық облыс көлемінде өсірілетін жүгерінің төрттен бір бөлігін береді және облыс бойынша Еңбекшіқазақ ауданынан кейін 2 – орынды алады Бұл жақсы көрсеткіш»,- деп астын сызып айтып өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы жүгері өсіруде үздік болған ауданда оны өңдейтін кәсіпорынның жоқтығы қылаң берген басты мәселе деген пкіріде. Расында қарадала жерінде жүгеріні өңдеу ісі жолға қойылмаған.

«Біз агроөнеркәсіп кешені өнімдерін қайта өңдеуді дамыту туралы айтып отырмыз және бұл сала әлі күнге дейін дұрыс жолға қойылмаған. Бұл мәселені шешу керек,-деді Марат Сұлтанғазиев.

Жүгері өсірумен қатар Ұйғыр ауданы жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді өсіру бойынша облыс көлемінде 2-орынды алады, олардың алқабы 4 мың гектарға жетіп жығылады. Қуантарлығы жеміс-жидекті өңдейтін кәсіпорын бар. Аймақтағы ірі өндіруші – «Шонжы Агро» ЖШС осы іспен айналысады, ол 500 гектар жерде өрік, шабдалы, қара өрік және шие өсіреді.

Сонымен қатар, қайта өңдеумен жылына 1,4 мың тонна шикізат өңдеуге «Agro Processing» фирмасы ден қойған еді, өкінішісіт сол бүгінде тоқтап тұр. Облыс әкімі осының бәрін назарға алып, ауданның жеміс-жидек дақылдары бойынша әлеуеті зор, инвесторларды тарта отырып, оларды қайта өңдеуді дамыту қажеттігін тапсырды.

Ауданда аста-төк жеміс—жидек өінімі жиналғанымен оны сақтатын қойманың қауқары жеткіліксіз. Мұндағы жалпы сыйымдылығы 120 тонна болатын екі көкөніс сақтау қоймасы жиналған өнімнің тек 0,2% – ын сақтай алады. Одан бөлек бір қойма апатты жағдайда, күрделі жөндеуді талап етеді.

Байланысты Материалдар

Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті

01.06.2023

Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды

01.06.2023

Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

01.06.2023

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

01.06.2023

Тоқаев Алматыда өз отбасы тұрған үйдің ауласын аралап көрді

01.06.2023

Енді 7 бала тәрбиелеп өсірген аналар өмір бойы 25 мың теңгеден жәрдемақы алады

01.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Депозиттерге арналған 10 пайыздық сыйақы: кімдер және қалай алады?

21.10.2022

Қазақстанда жұмыртқаны тұтыну 2%-ға артқан

06.09.2022

Қарасайда темекі фабрикасы бой көтермек

01.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Мәжілісмен Назарбаевтың туыстары алған ақшаны қайтаруды талап етті
  • Елдегі ең ірі скейт парк Қонаевта ашылды
  • Қаскелеңдегі “бэби-бокс” : екі жылда екі бала қалдырылған

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа