No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық палата Born Nomad жобасының жеңімпазына 1 млн теңге табыстады

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық мұражайында Халықаралық қолөнершілер форумының ресми ашылуы өтті.

19.10.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Ашылу салтанатында Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ержан Еркінбаев, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Бас консулы Кэролайн Сэвэйдж, қолөнер, дизайн және өмір салты бойынша сарапшы, Harper’s Bazaar және Vogue (АҚШ) басылымдарының редакторы және журналисі Эчавариа Марселла сөз сөйледі. Барлық баяндамашылар қолөнер саласының туризмді, әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың, елдің болмысын қалыптастырудың, ұлттың мәдени кодын сақтаудың ұйытқысы ретіндегі маңыздылығын айтты.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева қолөнер саласын коммерцияландыру мүмкіндіктерін, қордаланған түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын айтты.

«Қолөнер – шығармашылық индустриясының өте маңызды саласы. Орналасқан жерімен танысу кәдесыйдан басталады. Кәдесыйлардың тартымдылығы, туристердің көңілнен шығуы қолөнершіге байланысты», – дейді Юлия Якупбаева.

 

Қолөнер – жұмыспен қамтудың, оның ішінде ауыл тұрғындары үшін жаңа ниша.

«Біз әлеуетті тұтынушылар көріп, тапсырыс беру үшін өз таңдауын жасай алатын көрмелердің өтіп жатқанына қуаныштымыз. Овертуризмге қатысты қалыптасқан жағдай жаңа тапсырыстар алуға және коммерцияландыру жолдарын табуға мүмкіндік береді», – деді спикер.

 

«Атамекен» ҰКП екінші жыл қатарынан «Туған көшпенділер» жобасын қолдап келеді. Өткен жылы жобаға 2000-нан астам шығармашылық адам тартылды, 410 қолөнерші білім қорын толықтырып, іскерлік дағдыларын жетілдірді. Байқау дәстүрлі қолөнерді ілгерілету және мәдени мұраны сақтау арқылы әйелдердің экономикалық дамуы мен әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған «Қолөнерді кеңейту» кең жобасының бір бөлігі болып табылады.

2022 жылы Born Nomad Power Awards бас жүлдесі – «Атамекен» ҰКП-ның 1 миллион теңгелік сертификаты қолөнерші Анар Бексұлтановаға берілді. Анар қолымен емес, аяқ ұшымен бұйымдар тігумен айналысады.

 

«Екі қолдың жоғы маған өмірде көптеген нәрсеге тоқсауыл болды. Жоғары білімім болса да, мүгедектігіммен қызметке алмады. Тоқтамадым, Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейінде 20 жылдан астам экскурсияшы болдым. Қазір менің «Анар Бексұлтан. Әдемі қыз жасауы» деген кәсібім бар. Қолөнер сұраныста, кәсібім арқылы мемлекеттен қолдау алдым. Әр грант алған сайын алға ұмтыламын. Қазір «Шебер шаңырақ» мүгедектер бірлестігін аштым. Кәсіп бастауда «Атамекен» палатасына жиі барып тұрамын, бизнесті жүргізуде көптеген консультация аламын. Осы байқау жайында да кәсіпкерлер палатасынан естіп, қатыстық. Міне жеңімпаз атанып отырмын», – деп Анар Бексұлтан марапаттан кейінгі эмоцияларымен бөлісті.

 

Шара аясында Тараз қаласына алғаш рет «Әлемдік жүн мен киіз қаласы» атағы берілді.

 

Сондай-ақ, Форум аясында «Aigul Line» ЖШС директоры, «Qazaq-Oner» ұлттық қауымдастығының президенті Айгүл Жансерікова қолөнершілерге гранттар, субсидиялар түрінде орасан зор мемлекеттік қолдау және жеке алаң құру қажеттігін атап өтті. 14-15 қыркүйекте форум семинарлар, шеберлік сабақтары және жәрмеңке аясында өз жұмысын жалғастырады.

Байланысты Материалдар

Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды

10.06.2023

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Елде жалақының ІІІ тоқсандағы орташа мөлшері 299 782 теңге болды

04.11.2022

275 млн теңге: “Самұрық-Қазына” қорының басқарма мүшелерінің табысы

05.09.2022

Қант бағасы бір жыл ішінде 86,8 пайызға қымбаттады

12.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Семейдегі өрт: Тағы 11 адамның денесі табылды
  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа