Жанармай бағасы өссе, азық-түлік бағасына әсер ете ме? Бұл сауалға Үкімет кулуарында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
“Жанар-жағармай қымбаттаған жағдайда, мысалы қантқа әсері – 5 пайыз, ал күнбағыс майына 2,4 пайызға өседі деген болжамымыз бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір жанармаймен, дизельмен жұмыс істемейді. Олар әлдеқашан газға көшіп кеткен. Ал газдың бағасы әзір өспейді”, – деді Серік Жұманғарин журналистердің сауалына.