No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қолдауымен тігін цехы ашылды. Бұл өңірде іске қосылатын үш тігін цехының бірі.

20.06.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпорынның ашылу салтанатына Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов, Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов және Жетісу облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Цехтың негізін қалаушы «Алтын ине» ЖШС директоры, көп балалы ана – Қымбат Касейін. 2022 жылдың наурыз айында Қымбат Алматы облысының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына жүгініп, оған бизнесті ілгерілету жөнінде кеңес және көмек көрсетті. Енді кәсіпкер Орталық пен Іскер әйелдер кеңесімен серіктестікте алғашқы тігін цехын ашты.

«Қазір цехта 10 тәжірибелі тігінші әйел жұмыс істейді, олардың көпшілігі көпбалалы аналар. Тағы бес әйел үйден жұмыс істейді. Алғашқы тапсырыстарымыз да бар. Кәсіпорындар үшін арнайы киім, ұлттық бұйымдар мен басқа да тоқыма өнімдерін әзірлеймін. Сондай–ақ ателье форматында жұмыс істеп, ересектер мен балаларға арналған киім тігуді жоспарлап отырмыз», – деді Қымбат.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының тәлімгері Светлана Оңғарбаеваның айтуынша, осындай тігін цехтары Ақсу және Көксу аудандарында ашылып, жұмысқа көпбалалы аналар, мүгедектігі бар әйелдер және жас қыздар шақырылатын болады. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы және оқу орталықтары арқылы тігін ісіне оқыту жүргізу мен білікті кадрлар даярлау жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап ҚР барлық өңірлерінде «Ынтымақтастық Қоры» аясында Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП әріптестігі аясында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының ашылуы басталды. Бастаманы Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қаржыландырады және оны «Атамекен» ҚР ҰКП жүзеге асырады. Орталықтардың қызметі «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің (2015 жылдан бастап жұмыс істеп келеді) қағидаттарына, олардың ең бастысы – бизнесті жүргізу мен дамытуда әйелдерді өзара қолдауға негізделген.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Ақтау тұрғындары электр қуатының үзілуіне байланысты жолды бөгеуге тырысты

11.09.2023
фото: ашық дереккөз

Моноқалалар дамуына 1,7 трлн теңге бөлмек

11.09.2023

Жалпы сомасы 37 млн теңгеге шығатын көгерген энергетикалық сусындар анықталды

11.09.2023

Жалпы 350 млн теңгеге бағаланатын 175 мың вейп тәркіленді

29.08.2023

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Тоқаев мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді тану туралы жарлыққа қол қойды

28.08.2023

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Төлқұжат күші рейтингінде еліміз 53-ші орынға жайғасты

03.07.2023

Қазақстанға қай елдер инвестиция құяды?

04.04.2023

Вахталық жұмысқа негізінен ауыл тұрғындары барады

23.02.2023

©2023. Барлық құқығы қорғалған.
"Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа