No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қаржылық кеңес

Банк алдындағы қарызын 90 күнге кешіктірген азаматтарға несие берілмейді материалға сілтемені көшіру

27.06.2023
Қаржылық кеңес
8
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес қарызы бар қазақстандықтарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек енді банк алдындағы қарызын 90 күннен бері төлей алмаған азаматтарға несие берілмеуі мүмкін. Әрі қаржы ұйымдары проблемалық несиені коллекторларға бермес бұрын борышкерге жаңа шарт ұсынуы керек. Сондай-ақ проблемалық берешекті реттеуді жүргізбеген тұтынушылардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуы ықтимал, деп хабарлайды kazbusiness.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжатқа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарына төлемін 90 күнге кешіктірген тұрғындарға кредит беруге тыйым салынбақ. Демек мерзімі өткен борышын өтеу үшін азаматтар қайта қарыз ала алмайды.

Сондай-ақ коллекторлық агенттік қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр. Ол үшін қарыз алушы мен мекеме арасындағы іс-қимыл кезінде коллекторлар қолдана алмайтын әрекеттер тізімі бекітіледі. Әрі қызметі де оңтайландырылады. Бұл түзетулер тұтынушылардың құқығын қорғауға көмектеседі. Қазір құжат қоғам талқылауына шығарылған.

Бұдан бөлек мерзімі өткен берешегі бар тұтынушы 1,5 жыл ішінде қарызын реттеуге күш салуы қажет. Болмаса проблемалық борышы коллекторларға сатылады. Ал коллекторлық агенттіктер алдымен сатып алған берешегін реттеуге міндеттеледі.

“Екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап 18 ай ішінде проблемалық несиені реттеуді жүргізбеген жеке тұлғалардың кредиттерін коллекторларға сатуға тыйым салуды енгізу”, – делінген агенттік хабарламасында.

Ал қарызды өндірерде заңсыз әрекеттерге барған коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл коллекторлық агенттіктердің қызмет көрсету сапасын жақсартады. Әрі берешекті сотқа дейін реттеу институтының рөлін күшейту көзделіп отыр.

Байланысты Материалдар

фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023
фото: ашық дереккөз

18 шілдеге дейін салық органдарына қандай қаржылық есепті өткізу қажет?

14.07.2023

Мүгедектігі бар жандардың туыстарына күтім жасағаны үшін еңбекақы төленбек

27.06.2023

Бірыңғай жиынтық төлем жойылғаннан кейін МӘМС үшін қалай төлемді жасауға болады?

26.06.2023

Әскерде мерзімді борышын өтеп жүргендердің несиесі тоқтатылады

29.05.2023

Банк құпиясы: бөліп төлеу шыныменен тегін бе?

20.05.2023

Ұсынылатын материалдар

Қараталдық шаруалар күріш жинап бітті

17.10.2022

Алматы облысында 10 инвестициялық жоба іске асырылмақ

27.01.2023

Антикор: Алматы облысының тұрақтандыру қоры 400 млн теңгені мақсатсыз жұмсады

04.08.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа