Бір жылда (2021 жылдың шілдесі мен 2022 жылдың шілдесі аралығында) қайталама нарықтағы пәтерлердің құны 26,4%, жаңа тұрғын үйдегі сату 19,6% өсті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылдың шілдесінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8% артты.
“Өңірлерге қарасақ, бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар жылдық мәнде Ақтөбеде (32,5%), Нұр-Сұлтанда (27,6%), Өскеменде (26,1%) айтарлықтай өскен”, – делінген хабарламада.
Қайталама тұрғын үй нарығында баға өсімі бойынша көшбасшылар:
- Қызылорда (44%),
- Өскемен (43,7%),
- Талдықорған (43,4%),
- Нұр-Сұлтан (41,3%).
Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында әдеттегідей Алматы көш бастап тұр, 47% өскен.
Бұл ретте бір айда (2022 жылғы маусым-шілде аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы 0,8%, жаңа тұрғын үйді сату 0,5% өсті. Ыңғайлы тұрғын үйді жалға алу шілде айында өткен аймен салыстырғанда 0,4% қымбаттады.