Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов елімізде TikTok желісіне тыйым салынбайтынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Керісінше, біз барлығын белсенді түрде талқылап, әртүрлі әлеуметтік желі құралдары арқылы қолдануды жақтаймыз. Маңызды ескерту – заңды сақтау үшін. Яғни, егер белгілі бір мәселелерді талқылау аясында, соның ішінде TikTok-та заң бұзушылық туралы мәселе туындаса, біз бұған қол жетімді құралдар аясында ең болмағанда белсенді түрде жауап қатуға міндеттіміз. Сондықтан, тағы да сіздің сұрағыңыздың жауабын қорытындылай келе, біз ешқашан тыйым салмаймыз деп айта аламын. Біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде әрекет етуді қолдаймыз» – деді вице-министр.
Естеріңізге сала кетсек, мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтай және Жанарбек Әшімжан ата-аналарды балаларын мұқият қадағалауға және олардың әлеуметтік желілерді еркін қолдануына ерік бермеуге шақырған болатын. Және де TikTok желісіне тыйым салуды ұсынған.