No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбе облысында жұмысшы кадрларға қажеттілік жоғары

Мамандарды дайындау «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы үшін басым міндеттер қатарында тұр.

26.01.2023
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Палата хабарлағандай, осы жылдың 9 қаңтарынан 24 ақпанына дейін жұмыс берушілердің 2023-2025 жылдарға кадрларға қажеттілігін анықтау үшін облыс бойынша 2262 кәсіпорыннан сауалнама жүргізілу жоспарланған. Бұл 1357 заңды тұлға және 905 жеке кәсіпорын. Бұл салалар мен аудандар бөлінісінде белсенді кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындардың 4,8%-ын  құрайды. Сауалнама Enbek порталында онлайн және қоңырау шалу арқылы жүргізіледі.

«Атамекен» ҰКП жұмыс берушілеріне сауалнаманы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп жүргізеді.

Сауалнама мынадай блоктардан тұрады: кадрларға қажеттілікті талдау; қызметкерлердің ықтимал босатылуын бағалау; Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту және дуальды оқыту. Бұл экономикалық қызмет түрлері мен кәсіптер бойынша еңбек нарығының нақты қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

«Өткен жылы облыстың 1493 кәсіпорнына сауалнама жүргізілді, түрлі қызмет салаларының мамандарына қажеттілік анықталды. Бизнестің кадрларға деген негізгі қажеттілігі орта буын мамандары мен жұмысшы біліктіліктері бойынша байқалады. Кәсіптер салалары бойынша ауыл шаруашылығы, білім беру, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларында білімі бар қызметкерлер сұранысқа ие. Алдағы жылдарға арналған болжамдар бойынша орта және төмен білікті мамандықтар: тракторшы, жол монтері, тігінші, аспаз, күзетшілер және тағы басқ»,- деді ӨКП директоры Дана Бекбауова.

Сауалнама нәтижелері техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудің және қысқа мерзімді оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін Білім беру және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында дуалыді оқытудың жол картасы аясында тәлімгерлік мектебі ұйымдастырылды, онда түрлі кәсіпорындардың 102 қызметкері оқыды.

 

Бұдан басқа, Палата кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру және техникалық және қызмет көрсету мамандықтар бойынша біліктілік беру жөніндегі оқу орталықтарының тізілімін жүргізеді. Оған кәсіпорындар жанындағы 20 оқу орталығы, 5 дербес оқу орталығы және 88 жұмысшы мамандығы бойынша 19 колледж кірді.

«Өткен жылы қысқа мерзімді оқыту бойынша 1004 адам бітірді. Мысалы, «Глобал-Спецодежда» ЖШС, «QazServiceGroup» ЖШС, «Азайа» ЖШС және т.б. оқу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Олар 1 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді бағдарламалар бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы жіберген жұмысшы кадрларды өздері үшін дербес даярлау мүмкіндігіне ие. Осылайша, жұмыс берушілер кадрларды даярлау процесіне белсенді қатысады. Меморандумдар жасалады, серіктестермен оқу жоспарлары келісіледі, кәсіпорындар кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысады. Жергілікті жерлерде өндірістік практикадан өту үшін жағдайлар жасалады», – деді ӨКП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айнұр Баймұратова.

Өңір бизнесінің кадрларға қажеттілігі бойынша сауалнама нәтижесін ӨКП мамандары ақпанның соңында жариялайды.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

498 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасайды

26.07.2022

Елімізде бір аптада қандай өнімдер қымбаттады?

04.05.2023

Шымкенттің салық органдары кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

30.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа