No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ең қымбат стартап немесе Uber компаниясының құрылу тарихы

12.11.2022
Жаңалықтар, Керек дерек
2
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Uber – такси іздеуге және шақыруға арналған мобильді қосымша ойлап тапқан америкалық компания. Қосымшаның көмегімен тапсырыс беріп, белгіленген нүктеге жеткенше көлікті бақылай алады. Kazbusiness.kz ақпараттық порталы Uber такси шақыру қосымшасының пайда болу тарихы туралы материал дайындады.

Uber қалай құрылды?

«Uber» жайлы айтпас бұрын оның негізін салушыларға тоқталып өтейік. Қос кәсіпкер де өз салаларында жетістікке жеткен. Бірнеше сәтті жобалардың авторлары.

Гаррет Кэмп – компания негізін салушылардың бірі. Ол «StumbleUpon» атты желіден ақпарат іздеуге көмектесетін жобаны жасап шыққан. Ал «Ebay» Гарреттен бұл кәсіпорынды 75 миллион долларға сатып алады. Алайда «Uber»-ді жасау туралы идея туындағанда, Гаррет бұл жобаны қайта сатып алған.

Трэвис Каланик бизнеспен шұғылдануды жоғарғы сыныпта-ақ бастаған. 1998 жылы Трэвис достарымен бірге медиафайл алмастырушы сервистер жасаумен шұғылданатын бизнес бастайды. Біраз уақыттан соң ол жеке жобасын қолға алып, 19 миллион долларға сатады.

2008 жылы Трэвис пен Гаррет Парижде идея мен бизнес-жоспар жайлы ақылдасады. Алайда шұғыл жолға шығу керек болғандықтан, такси іздейді. Қаланың ортасында тұрған олар бір сағат бойы бос такси іздеуге мәжбүр болады. Дәл осы кезде туристер мен тұрғындарға такси шақыруға көмектесетін стартап туралы идея туындайды.

Идеяны іске асыру үшін олардың жанына Оскар Салазар қосылады. Бір жылдан кейін Сан-Францискодан «UberCab» компаниясы тіркелді. Ал 2010 жылы компания атауы «Uber» деп қысқартылды. Жобаны сынақтан өткізу үшін фирма басшылығы такси ретінде өздері де тіркелді.

Жүргіушілер өзінің немесе такси парктерінің көлігін қолданады. Төлем ақысының 80% жүргізушіге, 20% «Uber»-ге аударылады.

Инвестиция мен салымдар

Жобаны жасаушылар «Uber»-ді толығымен өз қаржыларымен дамытқысы келмеді. Фирма жұмысы басталғаннан бастап ивестициялар мен салымдар қабылдана бастады. Мұнда Джефф Безос, Menlo Ventures, Goldman Sachs және өзге де бизнес-жобалар өз қаржыларын салды. Компания шетелдік салымшылар арқылы өзге елдің нарығына аяқ басуды ойлады. Осылайша бірнеше жылдың ішінде «Uber» әлемдік такси нарығын жаулай алды.

Uber жетістігінің сыры неде?

Тәжірибе. Көптеген стартаптар минималды капиталмен және қарапайым адамдардың бастамасымен пайда болады. Сәйкесінше, олар негізгі қателіктер мен күрделі сұрақтардың жауабын білмейді. Ал Каланик пен Кэмпте мұндай мәселелер туындамады. Олар бұған дейін де бірнеше сәтті жобаларды жасаған. Қандай қателіктердің болуы мүмкін екенін жақсы білді. Сонымен қатар қос кәсіпкер өз саласында атаққа ие еді. Осы себепті компанияға сенім артушылар да көп болды.

Тиімді уақыт. 2009 жыл экономикамен байланысты жобалар трендке айналып отырды. Жүздеген өнертапқыштар адам өмірін жеңілдететін программалар, сайттар жасады.

Қатал басшылық.  Дағдарыс кезінде сәтті идеялар мен компаниялар дұрыс жүйе мен шешім қабылдарлық басшының болмауынан тоқырауға ұшырады. Бірақ бұл «Uber»-ге қатысты емес. Каланик жобаны қандай қауіптер күтетінін жақсы білді. Көптеген мемлекеттер компания жұмысына қарсы болды. Алайда олар ешнәрсеге қарамай алға жылжыды. «Uber» бизнесмендер үшін тиімді болғандықтан, қос басшы соңына дейін күресті.

Тұтынушылар үшін ыңғайлы. Қосымша жұмысы қарапайым. Кез келген адам өзіне такси шақырып, еркін қолдануға мүмкіндік ала алады. Сонымен қатар мұнда тілге қатысты мәселе мүлде болмайды. Ал бағаны жүргізуші емес, компания белгілегендіктен, клиент үшін арзанға түсті.

Байланысты Материалдар

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

10 мыңға жуық сайлау учаскелері ашылды

19.03.2023

Елімізде азық-түлік бағасы тағы да қымбаттады

18.03.2023

Ауыл оқушылары “жасанды көз” ойлап тапты

18.03.2023

Ұсынылатын материалдар

@Dauletten: «Бизнес бастау үшін сүйіспеншілік керек»

15.02.2023

Маңғыстаулық отбасы кәсіпті әлеуметтік желі арқылы жүргізіп отыр

25.11.2022

25 шілдедегі доллар бағамы қандай?

25.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды
  • Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді
  • Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа