No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нидерландыда кәсіп ашқан қазақстандық 20 адамды жұмыспен қамтып отыр

01.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Шыңғысхан Қазақстан есімді отандасымыз Нидерландта велошерингпен айналысатын компанияның негізін қалаған. Бүгінде қазақ жігіт кәсібін өрге дөңгелетіп, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24”арнасына сілтеме жасап.

Сөзінше, бұл стартапты студент кезіндегі досы, британиялық Макс Шалоумен бірге қолға алған. Қазір олардың электрвелосипедтерді жалға беру қызметі осы елдің 8 қаласында бар.

Нидерланд елінде велосипед тебетін халықтың қарасы көп. Сондықтан да жас кәсіпкерлер осы іспен айналысуды жөн көріпті. Ал олардың компаниясынан электрлі велосипедті жалға алу үшін тек арнайы қосымшаны жүктесеңіз жеткілікті. Сапар минутына 15 центті құрайды. 10 еуроға тәуліктік абономент сатып алуға болады. Айлық, жылдық карта да бар.

“Мұнда барлық жерде велосипедке арналған жолдар бар. Өте ыңғайлы. Алғашқы тұрағымызды пандемия кезінде аштық. Соңғы қаржымызды жұмсап Бизнес саябағында 10 велосипедке арналған орын дайындаған едік. Бірақ індеттен көшелерде адам болмай оларды ешкім қолданбады. Салдарынан командамызда Макс екуіміз ғана қалдық. Алғашқы бастамамыз нәтиже бермесе де, мойымадық. Көп ұзамай жобамызға инвестиция таптық”, – деді велошеринг стартапының негізін қалаушы Шыңғысхан Қазақстан.

Жігіттер инвесторларды әлеуметтік желілер мен ғаламтордан іздеген. Кейін Гаагада 40 велосипедке арналған тұрақ ашады. Қазір кәсіптері кеңейіп, жалға беретін велосипед саны 250-ге жеткен. Қарамағында 20 адам жұмыс істейді.

“Бізде велосипед сатып алғаннан гөрі осы қызметті пайдаланғанды жөн санайтын тұрғындар көп. Себебі олар велосипедті жөндеу, қуаттандыру сияқты мәселелерге бас қатырғысы келмейді. Оның барлығы біздің мойынымызда. Енді келесі жылы самокатты жалға беру қызметін іске қосамыз”, – деді Шыңғысхан Қазақстан.

Компанияда бұл іспен айналысатын арнайы қызметкерлер бар. Олар әр тұраққа барып велосипедтерді қуаттандырып, тексеріп отырады. Жастар қайырымдылыққа да көңіл бөледі.

“Біз қайырымдылық мақсатында ескі велосипедтерді жинаймыз. Содан кейін оларды жөндеп тұрмысы төмен отбасылардың балаларына береміз”, – деп қосты ол.

Шыңғысхан өзінің бизнесін Еуропа мен Азияның өзге де елдерін ашуды көздеп отыр.

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Керекулік кәсіпкер әйелдер марапатталды

15.09.2022

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 345,7 млн еуро қарыз алады

26.10.2022

Антикор: Алматы облысының тұрақтандыру қоры 400 млн теңгені мақсатсыз жұмсады

04.08.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа