No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен кәсіпкерлерге 16 млрд теңгеден астам қаражат төленді

Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

30.12.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

«Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер палатасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп зардап шеккен кәсіпкерлердің санын нақтылау бойынша жұмыс жүргізді, сондай-ақ залал сомасы бойынша қорытынды шығарды. Қоңырау шалып, ақпаратты нақтылағаннан кейін Алматы бойынша зардап шеккеy 2  мыңнан аса бизнес субъектісі анықталды. Залалдың жалпы сомасы шамамен есептеулер бойынша 94,8 млрд. теңгеден асты», – деді Айтуар Көшмамбетов.

Спикердің айтуынша, залалды өтеу жөніндегі комиссияның 40 отырысы өткізілді, «InfoKazakhstan» порталына келіп түскен барлық өтінім қаралды.

16 млрд 189 млн теңгеге 1 640 өтінімге қолдау көрсетілді. Соның ішінде, «Жаңа Алатау» қорынан – 1 млрд 294,8 млн.теңгеге 636 өтінім, бюджет қаражаты есебінен – 14 млрд 894,2 млн. теңгеге 1 003 өтінім қаралды.

«6 қаңтарда полиция бөлімшелерінің ғимараттары мен қалалық ауруханаларды мародерлар қоршауға алғанын білдік. Полиция қызметкерлерін, медицина қызметкерлерін және аурухана науқастарын тамақтандыруды ұйымдастыру және қаражат жинау туралы шешім тез арада қабылданды. Менің жеке жауапкершілігіммен жанармай құю бекеттерінің бір желісі ашылып, қалаға нан мен дәрі-дәрмек жеткізіле бастады. Сондай-ақ банкоматтарды қолма-қол ақшамен толықтыруды ұйымдастырып, кәсіпкерлерге мемлекеттен өтемақы алу үшін қалай дұрыс әрекет ету керектігін егжей-тегжей түсіндірдік», – деп атап өтті палата директоры.

Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін палата қызметкерлері бизнестің қалай және қаншалықты зардап шеккені туралы ақпарат жинай бастаған сенім телефоны ашылды. Бұл механизмді әзірлеу кезінде «Атамекен» ҰКП жинақтаған кәсіпкерлік субъектілерінің ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданған ұсыныстары ескерілді.

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты зардап шеккен ШОБ субъектілеріне көмектесуге дайын еріктілер тізілімі құрылды, 1000 адамға дейін аудиториясы бар «kushimiz_birlikte» Instagram парақшасы ашылды. Instagram желісіндегі «kushimiz_birlikte» парақшасы арқылы 9 кәсіпкер қаңтар оқиғасынан зардап шеккен ШОБ субъектілерінен көмек алды.

Қаңтар оқиғасынан жалпы есеп бойынша 67 ірі бизнес зардап шекті, оның ішінде 62 компания Алматыға тиесілі.

«Атамекен» ҰКП бастамасы бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің төтенше жағдай кезеңінде келтірілген мүліктік зиянды өтеуге алған ақша сомасы жылдық жиынтық табыстан шығарылады.

Төтенше жағдай кезінде залал шеккен ірі бизнес үшін растайтын құжаттар болған кезде ҚҚС төлеуді түзету мүмкіндігі қарастырылған.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны бойынша дәстүрлі түрде Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте 343 мың субъект бар, олардың тек 277 мыңы ғана жұмыс істейді, сондай-ақ көшбасшылар үштігіне Астана (224 мың субъект, оның ішінде 196 мыңы жұмыс істейді) және Түркістан облысы (178 мың субъект, оның ішінде 175 мыңы жұмыс істейді) кірді.

 

Байланысты Материалдар

«Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді

28.03.2023

Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған

28.03.2023

Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

28.03.2023

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда қанша әйел бар?

09.03.2023

Түркістандық кәсіпкерлер көрсеткен қызметтері үшін ақысын ала алмай отыр

16.11.2022

«Алматы облысы республикалық бюджеттің донарына айналады» — Әлібек Қуантыров

15.06.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • «Алматы жастарына» берілетін несие көбейеді
  • Еліміз бойынша ең көп инвестиция Атырау облысына құйылған
  • Парламент Мәжілісінің депутаттары толық анықталды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа