No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін бе?

18.01.2023
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Кәсіпкерлер субсидиялау тәсілдерін өзгертудің орынсыздығын дәлелдеп, бір айдан бері Ауыл шаруашылығы министрлігіне проблемасын жеткізе алмай келеді. Егер өңдеушілер субсидиясыз қалса, сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Сүт одағының басшысы Владимир Кожевников толығырақ айтты.

Кәсіпкердің есептеуі бойынша 1 кг сары май өндіру үшін 22 кг шикі сүт қажет. Сүттің құнын ескере отырып, кәсіпорындардың басқа шығындарын есепке алмағанда, өнімнің тек шикізаттық өзіндік құны шамамен 4 мың теңге болады.

 «Сүт өңдеушілерге субсидия жазда шикі сүт сатып алу және өнім өндіру үшін керек. Сыртқы факторларға байланысты шикізат бағасы үнемі өсіп келеді. Мысалы, соңғы екі жылда шикізат сүтінің құны 1 келі үшін 126,9 теңгеден 204,2 теңгеге, яғни 61%-ға дейін қымбаттады. Тиісінше сары майдың шикізат құны 45,5%-ға артты», ­– дейді сүт одағының басшысы Владимир Кожевников.

Сүт өңдеушілердің айтуынша, өкінішке қарай, Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы қолдау тәсілдерін таңдау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет берген ұсынымдарды негізге алған. Антикор берген ұсынымдарда субсидиялау кезінде кез келген сыбайлас жемқорлық және қаржылық тәуекелдерді жою қажеттілігі айтылған. Осылайша министрлік  субсидияның басты мақсаты – өндірістің өсуін ынталандыру және ішкі нарықты отандық өніммен толықтыру, отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және импортқа тәуелділік пен өзіндік құнын төмендету екенін ұмытып кетті.

Ұлттық палата деректеріне сүйенсек, мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде республикада сүт өнімдері өндірісі артқаны байқалады. Соңғы 5 жылда отандық өндіріс есебінен республиканың сары маймен қамтамасыз етілуі 74%-дан 97%-ға дейін өсті. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейді.

Бірақ министрлік тарапынан субсидиялауға жаңа тәсіл енгізілуі сүт саласының жағдайын күрт қиындатады, бәсекеге қабілетті болуды төмендетеді, жазды күні шикі сүт сатып алу мүмкіндігін жойып, сүт өнімдерінің қымбаттауына түрткі болады.

«Қазақстанда сүт табынының шамамен 70%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталады. Бұл шаруашалықтар күзгі-қысқы кезеңде сүт өткізуді тоқтатады. Осыған байланысты, сүт өңдеуші кәсіпорындар шикізат тапшылығының туындау қаупін біліп, жазда дайын өнімді жаппай жинау науқанын жүргізеді, ал оны кейін сатады. Жазғы кезеңде сүт өнімдеріне, оның ішінде сары майға сатып алу сұранысы маусымға қарай төмендейді», – деп атап өтті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының АӨК және тамақ өнімдері департаментінің сарапшысы Әсем Серікбекова.

Осыған байланысты сүт зауыттарының өкілдері субсидиялау механизмін өзгеріссіз қалдыруды және халыққа қосымша шығындарды жүктемеуді сұрайды.

 

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қант кластерінде 5 мың адам жұмыспен қамтылған

22.09.2022

Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізіледі

18.02.2023

“Атамекен” ұлттық палатасы шағын және орта бизнеске баса мән беруде

21.10.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа