No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰБТ – 2023: грантқа қай күннен бастап құжат қабылдана бастайды?

22.05.2023
Жаңалықтар
73
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook
Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша талапкерлерден грантқа құжат қабылдау 13 шілдеде басталады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
ҰБТ 16 мамырда басталған болатын. Ерғалиев осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант конкурсына қатыса алатынын атап өтті. Оның айтуынша, биыл негізгі ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш берген.
“Грантқа құжат қабылдау және иегерлер тізімін жариялау күндерінде биыл өзгерістер жоқ. Яғни 13-20 шілде аралығында грантқа құжат қабылдауды, ал грант иегерлерінің тізімін 10 тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз. Жоғары оқу орындарына қабылдау әдеттегідей 25 тамызға дейін жүзеге асырылады”, – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ерғалиевтің айтуынша, биыл білім гранттарының жалпы саны 88 мыңды құрайды. Оның ішінде бакалавриат – 73 мың грант, магистратура – 13 мың, докторантура – 1890 грант.
“Барлық гранттың 60%-ы инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінген. Сонымен қатар тығыз орналасқан, жаңа құрылған және батыс аймақтардағы жастар үшін арнайы гранттар қарастырылған. 2023 жылы өңірлік жоғары оқу орындарына бөлінетін педагогикалық квоталардың саны артты. Яғни 6280 грант бөлініп отыр”, – деді вице-министр.
“Серпін” бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінген. Бұл ретте Ерғалиев биыл “Серпін” бағдарламасына екі өзгеріс енгізілгенін айтты.
Біріншісі, биылдан бастап бағдарламаны өтеу мерзімі қысқарды, бұрын үш жыл болса, қазір екі жылды құрайды. Екіншісі, енді жас мамандар тек оқыған өңірінде ғана емес, басқа да аймақтарда жұмыс істей алады.

Байланысты Материалдар

Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды

05.06.2023

ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

05.06.2023

Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

05.06.2023

Алматыда полицей әріптесінің қолынан қаза тапты

05.06.2023

Мемлекет ауылдардың дамуына 200 млрд теңге бөлді

05.06.2023

Алматы облысындағы мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылған

05.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Доллар шамамен 1 теңгеге арзандады

15.08.2022

Жақында әйелдер ипотекасына өтінімдер қабылдау басталады

03.05.2023

Бизнес-идеяларға грант алу үшін өтінім беріп үлгеріңіз!

04.05.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Алматы облысында оқушы қызды ұрлап бара жатқан 36 жастағы еркек ұсталды
  • ІІМ: Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
  • Мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандар қанша алады?

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа