No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Kordai fish” жылына 150 тонна форель балығын өсіреді

11.10.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы су қоймасы форель балығының екі түрін өсіріп, көбейтіп отыр, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

“Kordai Fish” – Қордай ауданы Сортөбе ауылында 2019 жылы пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Бүгінгі таңда форель шаруашылығы аяққа нық тұрып, өсірген балықтарды Алматы қаласына сатылымға шығарады.

Қазір су қоймаларында форелдің кемпірқосақ және кәріптас түрлері 100 мыңға жеткен. Бір “кемпірқосақтың” салмағы алты келі, ал “кәріптас” үшке келіге дейін тартады.

Форель аса “кірпияз” балық. Тамақтандыру режимі күніне екі рет – таңғы 07:00 және кешкі 18:00-де. Судың тазалығы мен қатар температура режимін де қатаң сақтау керек. Бір қоймадан екіншісіне ауысу циклі де, суды оттегімен қанықтыру да талапқа сай болуы тиіс дейді мамандар.

“Қазір фермада шабақтарды өсіру үшін инкубациялық цех, сондай-ақ балықты кесу және мұздату үшін үй-жайлар салынуда. Өндірісті кеңейтсек, 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Былтыр 40 тонна балық өсірдік. Биыл жоспарланған межеге жете деген ойымыз бар. Бірақ, су жеткіліксіз”, – дейді форель шаруашылығының басшысы Рамазан Харсанов.

Шаруашылық аумағында екі ұңғыма бұрғыланған екен. Алайда су жеткіліксіз көрінеді. Бұл мәселені шешу үшін қосымша бассейндер мен тоғандар салу керек екен. Қосымша 15 ұңғыманы бұрғылау қажеттілігі осыдан туыпты. Шаруашылық басшысының айтуынша, бұл өнім көлемін 80-100 тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін шаруашылықта жылына 150 тоннаға жуық балық өндіру жоспарлануда. Форельден басқа, бекіре тұқымдас балықтар өсіру жоспарда бар.

Байланысты Материалдар

Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі

10.06.2023

ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.06.2023

Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

10.06.2023

Семейдегі өрт үш адамның өмірін жалмады

10.06.2023

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023

Бердібек Сапарбаев қайтыс болды

10.06.2023

Ұсынылатын материалдар

Қызылордада күріш бағасы шарықтап кетті

07.06.2023

Кәсіпкерлер салық органдарының азаматтық қатынасқа араласуына наразы

19.01.2023

Бір миллионнан астам қазақстандық банктерге 1 триллион теңгеден аса ақша қарыз

26.02.2023

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% өседі
  • ҰБТ-2023: 146 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
  • Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылды

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа